«Бұлбұл — домбыра”

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің мамандары, “Мерей” қызығушылық клуб мүшелері және №3 Қарымбай Қошмамабетов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Бұлбұл — домбыра” атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.