«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы Б.Момышұлы музейінде №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарман туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                            

Генерал-майор Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақов 70 жаста

Аудандық мәдениет үйінде Жуалы ауданының құрметті азаматы, генерал-майор Сейітжан Мелдебекұлы Қойбақовтың 70 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті.
Аудандық мәдениет үйінде Сейітжан Қойбақовтың 70 жасқа толуына орай кітапхана қызметкерлері 3 бөлімнен тұратын «Әке мен ана өмірдің байлығы», «Менің отбасым — менің тірегім», «Ұлтына, жұртына, қызмет ету — білімнен емес, мінезден» тақырыбында фотогалереяға шолу жасап, заман талабына сай QR арқылы генералдың отбасын, өмір баянын, еңбек жолын көрермендерге таныстырды.
Генерал Сейітжан Қойбақов «Родина, долг, честь. О времени и о себе: на стыке веков» кітабын, Сейітхан Қойбақов «Пробелмы эксплуатации гидротехнических и мелиоративных обьектов в сложных природно-климатических условиях», Бауыржан Қойбақов «Орошение в северном и центральгом Казахстане», Мырзахан Ахмет «Бәйтеректің бұтақтары», Сайлаухан Ашановтың «Тұғыры биік тұлға» атты кітаптарын кітапханаға сыйға тартты. 
Туған халқының мақтанышына айналған ұлдың мерейлі мерекесінде аудан өнерпаздары театрлық көрініс көрсетіп, әсем әндерін тарту етті.