

21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы №25 Ақтөбе тірек мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Ана тілім — айбыным” атты танымдық-зерделік кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу, ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.




2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы. «Жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау, дамыту» бойынша Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында балалар жазушысы Марат Құлибайұлы 50 жасқа толуына орай №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар күнделігінің жаршысы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Жазушының еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулу, шығармаларымен таныстырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, оқырмандарды адалдыққа, кітап оқуға баулу.

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ұлы Жеңіс қуанышың қаншама» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
