«СПИД-ғасыр дерті»

1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебінің медбикесі Нұрзада Назарбекова, «Дауа» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «СПИД-ғасыр дерті» тақырыбында маман кеңесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.

 

                               

«Қанатты жырдың қарлығашы»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қанатты жырдың қарлығашы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.

 

                               

 

 

«Саңлағы парасатты сананың»

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Саңлағы парасатты сананың» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

 

                       

«Қайсар қаламгер, мұқалмас талант»

 Жазушы, журналист Мағзұм Тиесовтың туғанына 120 жыл
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жуалы аудандық пробация қызметінің инспекторы Әділет кіші лейтенанты Батыралы Диас Жәнібекұлы, пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен «Қайсар қаламгер, мұқалмас талант» атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы М.Тиесовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.
                                 

«Туған жер — бақыттың ортасы»

«Туған жер — туған тарих»

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы «Жауқазын» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен  атты таным сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                              

«Мұхтар Әуезов көркем сөздің пірі»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында «Мұхтар Әуезов көркем сөздің пірі» атты мақсаттық кітапханалық бағдарлама аясында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің мұғалімі Мақпал Мукашева, 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай жолы» романынан үзінді оқу кешін ұйымдастырды.

 

                                   

 

 

«Балалар әдебиетінің бағбаны»

Көр­нек­ті жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты әдеби шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ә.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                           

 

«Ауылым-асыл қазынам»

«Туған жер — туған тарих»

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында «Ауылым-асыл қазынам» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

                             

«Денсаулық- зор байлық»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары, ауылдық медпункт медбикесі З.Амированың қатысуымен «Денсаулық- зор байлық» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

 

                     

 

«Қысқы ертегілер еліне саяхат»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Қысқы ертегілер еліне саяхат» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.