«Ұлтымыздың ағартушысы»

Жазушы, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ұлтымыздың ағартушысы» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Б.Майлиннің шығармаларын оқырмандарға насихаттау, өмір жолын таныстыру.

 

                                           

«СПИД — қатерлі қауіп»

1 желтоқсан — БҮКІЛӘЛЕМДІК СПИДКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің медбикесі Ақнұр Мамбеталиева, 7 сынып оқушыларының қатысуымен «СПИД — қатерлі қауіп» тақырыбында денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, ХХІ ғасыр дерті — қатерлі СПИД індетінен сақ болуға, бұл дертті жұқтырмаудың жолын білуге баулу.

 

                             

«Мерзімді басылымдар беттеріндегі жаңалықтармен таныстыру»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева оқырмандарға «Мерзімді басылымдар беттеріндегі жаңалықтармен таныстыру» атты дауыстап оқу сағатын ұйымдастырды.

 

                    

«Әлдихан-балалар бағбаны»

Көр­нек­ті жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына 85 жыл Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Әлдихан-балалар бағбаны» аттытанымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ә.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                       

«Рейхстакқа ту тіккен»

 Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Рейхстакқа ту тіккен» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Рықымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет беріп, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
                             

«Алып тұлғаның әдеби мұрасы»

«Кітап — қазына» жобасы

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің қалыптастырушы, жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты әдеби раритет ұйымдастырды. Кешті №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі оқушысы Маржан Кенжебек «Балбырауын» күйімен бастап, Сания, Тұрсынхан, Ұлжан Қуантай, Амина Тыныс, Айзере Егемберді «Өтірікке бәйге» өлеңін, Аяжан Мұхамбетжан «Нан» өлеңін, Жансезім Жетпісбай, Мөлдір Ергенбай «Жазғы кеш» өлеңін мәнерлеп оқып, Даяна Орынбай Бейімбет Майлиннің шығармалары туралы ақпарат берді. Аяжан Мұхамбетжан «Менің Қазақстаным» әнін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кітапханашы Гүлсім Жұмаханова «Ұлттың рухани көсемі» атты библиографиялық көрсеткіш, «Қанатты қалам иесі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Іс шараға қатысқан ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары кітапхана қызметкерлері дайындаған кітап инсталляциясын тамашалады. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің біріңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қортындылап, қатысқан оқырмандарды марапаттады.

 

                           

«Жемқорлықпен күрес-баршаның міндеті «

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жемқорлықпен күрес-баршаның міндеті » атты дискуссия алаңы өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу

 

                                       

«Ақ жүрек»

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы

Үміт Битенова — ақын, жазушы, сазгер, «Құрмет» орденінің иегері.

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында «Ақ жүрек» атты танымдық кеш өтті. Кеш барысында №22 М.Ломоносов атындағы орта мектебі оқушылары Үміт Битенованың Қуандық Нұрайым «Шәмші аға» өлеңін, Абдурайым Айгерім «Таразым» өлеңін, Еркін Жанайым «Немере назы» өлеңін, Тәжібай Айзере «Ұстазым» өлеңін, Нұржігіт Аруна «Аға» өлеңін, Мұратбай Әмина «Қыс» өлеңін, Рахматулла Гүлім «Жан құрбым» өлеңін мәнерлеп оқып, Сағындық Раяна «Оқуда озат боламын» әнін, «Әже» әнін, Рахматулла Айдана «Ана» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Айнұр Бегалиева «Ақын жүрек» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуғ шақырды.

 

 

                     

«Кәсібің — нәсібің»

19 қараша — Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы ауыл кәсіпкері Ержан Айбасовпен «Кәсібің — нәсібің» атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Жастарға бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру, еліміз үшін еңбек етуге баулу, адам еңбегін бағалап ,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

 

                     

«Табиғат біздің анамыз»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Табиғат біздің анамыз» атты экология сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарды табығатты қорғауға, аялауға, елін жерін сүюге, меи‌ірімділікке тәрбиелеу, табиғат-Анаға сүи‌іспеншілікпен қарауға жетелеу.