«Алтын дала»

19 қараша — Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әмина Солтыбай «Алтын дала» шаруа қожалығының басшысы Боранбаев Асқар мен «Ауыл шаруашылығының жаңаша көрінісі» атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Жастарға бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру, еліміз үшін еңбек етуге баулу, адам еңбегін бағалап ,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

 

                               

«Кәсібің-нәсібің»

19 қараша — Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасының маманы Айгүл Айтымбет жас кәсіпкер Жаппар Хамзатпен «Кәсібің-нәсібің» атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Жастарға бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру, еліміз үшін еңбек етуге баулу, адам еңбегін бағалап ,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

 

                           

«Ұлттың рухани көсемі»

Жазушы, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ұлттың рухани көсемі» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Б.Майлиннің шығармаларын оқырмандарға насихаттау, өмір жолын таныстыру.

 

                           

«Өмірін өлеңменен өрнектеген»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапхансында №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Өмірін өлеңменен өрнектеген» атты поэзия кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.

 

                   

«Туған жердің экологиясы»

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жердің экологиясы» тақырыбында өлкетану сағаты өтті.

Мақсаты: Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

 

                         

 

 

«Көркемсөз шебері»

Жазушы, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Көркемсөз шебері» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Б.Майлиннің шығармаларын оқырмандарға насихаттау, өмір жолын таныстыру.

 

                               

«Мағзұм — ұлы суреткер»

 Жазушы, журналист Мағзұм Тиесовтың туғанына 120 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мағзұм — ұлы суреткер» атты танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы М.Тиесовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. 
                             

«Жайықтың ақ шағаласы»

«Кітап — қазына» жобасы

Жуалы ауданы Қарасаз, Көктөбе ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай «Жайықтың ақ шағаласы» атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында №6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі, №30 Көктөбе орта мектебі оқушылары А.Бақтыгерееваның шығармаларынан үзінді оқып, «Ай бибі» би тобы «Қазақ» биін, «Детские конфетки» биін билеп, Сәбен Райхан, Ошақбай Алина, Ерғали Інжу «Ұстазым» әнін, Тастанова Сабира, Мырзайым Еркежан «Көңілді күн» әнін, Көктөбе ауылдық кітапханасының әдіскері Дадашова Динара «Ата-анаға алғыс» әнін әуелетіп орындады. Қарасаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ақкөгершін Темірбаева «Жырымен әлдилеген ақ жайығым» атты кітап көрмесіне шолу жасап, Көктөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Ақ жайық. Ақ желең. Ақ шағала» атты әдістемелік құрал, «Жайықтың ақ шағаласы» атты библиографиялық көрсеткішпен таныстырып, Қарасаз ауылдық кітапханасының әдіскері Балжан Алпысбаева «Ақ шаға» атты кітап инсталляциясын таныстырды. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары Айжан Әбділқызы қортындылап, қатысқан оқырмандарды марапаттап, алғысын білдірді.

 

                       

«Ұлттық теңге — ұлт мақтанышы»

15 — қараша Ұлттық Валюта Күні
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық теңге — ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты өтті.
 Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
                               

«Өмірі өнеге, тағдыры-тағылым»

Жазушы, қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №15 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Өмірі өнеге, тағдыры-тағылым» атты әдеби портрет өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Б.Майлиннің шығармаларын оқырмандарға насихаттау, өмір жолын таныстыру.