
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні


16 наурыз — Шаңырақ күні
Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасында «Шаңырақ күні» – жалпыұлттық отбасылық құндылықтарды ұлықтауға, үлгілі отбасыларды өскелең ұрпаққа дәріптеуге негізделген.
Жуалы аудандық орталық кітапханасында үлгілі отбасы бір шаңырақта тату-тәтті ғұмыр кешкендеріне 50 жыл болған Кәрібай Құрмашевтың отбасымен «Шаңырақ жарастығы» тақырыбында кездесу кеші өтті.
15 наурыз — Қайырымдылық күні
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы, жалғызбасты зейнеткер Қайрат Сарыбаевқа азық-түлік апарып «Қайырымдылық — жылы жүректен» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында «Ұлағат» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Ақыннан қалған мұралар» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.

Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы дала — Алтын Орда» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген саясаты, қазақ даласының тарихында алатын орнын, құндылықтарын насихаттау.

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың бір туар ақыны» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында мақсатты кітапханалық бағдарлама аясында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Мұхтар Әуезов — өмірі мен шығармалары» тақырыбында шығармаларына шолу кеші өтті

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұманбай жыры — тұнған сыр» атты әдеби постулат өтті.
Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

