«Мағзұм — ұлы суреткер»

 Жазушы, журналист Мағзұм Тиесовтың туғанына 120 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Мағзұм — ұлы суреткер» атты әдеби шолу ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы М.Тиесовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                         

“Ұлттық спорт-ұлт болашағы”

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен ұлттық ойынды жандандыру, жастардың ақыл ойын дамытуға арналған ойын түрлерімен таныстырып, қызығушылығын арттыру, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу, ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімін молайту мақсатында “Ұлттық спорт-ұлт болашағы” атты тарбие сағаты өтті.

 

                       

«Бала деп соққан жүрегі»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Бала деп соққан жүрегі» тақырыбында әдеби сағат өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
                         

«Ара мен шыбын»

Жазушы, сатирик Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ара мен шыбын» атты ақпарат сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға О.Әубәкіровтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы түсінік беру, жазушының еңбектерімен таныстыру.

 

                                 

«Алып күш иесі — Балуан»

Қазақтың халық композиторы, балуаны Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы «Алып күш иесі — Балуан» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                           

«Қазақ даласының Балуаны»

Қазақтың халық композиторы, балуаны Балуан Шолақтың туғанына 160 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ даласының Балуаны» атты тарих сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                               

Көр­нек­ті жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тағдыры бөлек таланттар» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ә.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                               

 

 

«Ерлігі ұрпаққа үлгі»

Ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                      

«Маскүнемдік-дертпен тең»

31 қазан-Алкогольді тұтынудан бас тарту күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Дауа» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «Маскүнемдік-дертпен тең» атты ақыл-кеңес сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зияндылығы, әр түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

 

                         

«Жырымен әлдилеген Ақжайығым»

 Ақын Ақұштап Бақтыгереева 80 жаста

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жырымен әлдилеген Ақжайығым» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Ақұштап Бақтыгереева туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.