«Ән патшасы — Шәмші»

Композитор, сазгер, Шәмші Қалдаяқов — 95 жыл

Жуалы ауданыудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Ән патшасы — Шәмші» тақырыбында онлайн библиографиялық көрсеткішті ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен танысу.

 

 

 

«Нар тұлға»

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы — 95 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Нар тұлға» атты таным сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                                          

“Абайдың ұлы мұрасы”

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары А.Әділет, Ә.Қуанышбекқызының қатысуымен “Абайдың ұлы мұрасы” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.

 

 

 

«Спорт — денсаулық кепілі»

21 ТАМЫЗ — СПОРТ КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дауа» әуесқой клуб мүшелерінің қатысуымен «Спорт — денсаулық кепілі» тақырыбында эстафеталық ойындар жарысы өтті.

Мақсаты: Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.

 

 

«Спорт — денсаулық кепілі»

21 ТАМЫЗ — СПОРТ КҮНІ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Спорт — денсаулық кепілі» атты спорт сағаты өтті.

Мақсаты: Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.

 

                              

“Сәбиге өмір сыйлаған құдрет”

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы ”Мен ертегіні жақсы көремін“ жобасы аясында “Еркетай” қызығушылық клуб мүшесі А.Бостанның қатысуымен “Сәбиге өмір сыйлаған құдрет” атты библиофреш ұйымдастырды.

Мақсаты: Балаларға ертегі айту арқылы сөздік қорларын дамытып, тiл байлықтарын молайту, сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту, достық жанашырлыққа тәрбиелеу.

 

 

«Балалық шаққа саяхат»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Бәйтерек бөбекжай» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.

 

                                           

 

 

«Діни экстремизм мен терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасндаы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің тәрбие жөніндегі маманы Д.Абышев және кітапхананың оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға діни тәрбие бере отырып адамгершілік, ізеттілік, имандылық құндылықтарын бойға сіңіру, жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы жастардың көзқарастарын дұрыс қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

“Қаламға серт берген қаламгер”

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы “Қаламға серт берген қаламгер” атты поэзия сағатын өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                           

«Кәсіпкерлік — адамзат болашағы»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы «Кәсіпкерлік — адамзат болашағы» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырманға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беру және жас ұрпақ бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.