«Домбыра — дастан»

1 шілде — ДОМБЫРА КҮНІ

Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы — домбыра.

Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында орталық саябақта кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Домбыра — дастан» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Ата — бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға деген өскелең ұрпақтың қызығушылық сезімін оятып, тарих куәгеріне айналған қасиетті қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу, жас өрендерді дәстүріміздің ажырамас бөлігі – дәстүрлі музыка өнеріне баулу.

 

                               

«Табиғат аясындағы оқу залы»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында ашық аспан астында «Еркетай» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «Ертегілер кейіпкерлерімен таныс болайық» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету, қызығушылық қабілеттерін ояту, ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу.

 

                       

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

 

                           

«Табиғат аясындағы оқу залы»

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында орталық саябақта кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мен ұнатқан кітаптар» атты кітап оқу сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Бүлдіршіндерді ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі — түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                           

«Есірткісіз болашақ»

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Есірткісіз болашақ» атты сұрақ — жауап сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты:Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

 

                           

 

 

«Тарих — адамзат ақыл ойының қазынасы»

«Туған жер — туған тарих»

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында «Ауылым алтын бесігім» мақсатты бағдарлама аясында «Тарих — адамзат ақыл ойының қазынасы» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                               

«Халқы сүйген қаламгер»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Халқы сүйген қаламгер» атты әдеби — әшекей кеш өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
                       

«Ел ертеңі білімді жастар»

27 маусым — ЖАСТАР КҮНІ

Асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы — ол жастар! Жастар кез-келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі, ұлт үмітін арқа­лаған ел ертеңі.

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы ауыл жастарының қатысуымен «Ел ертеңі білімді жастар» атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Жастардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

                          

«Халық жадында жатталған есім»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Халық жадында жатталған есім» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
                       

«Балалардың сүйікті жазушысы»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Балалардың сүйікті жазушысы» атты әдеби қонақжай өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.