«Жыр маржаны Фариза»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық кітапханасы Теріс ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жыр маржаны Фариза» атты портрет кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.

 

                       

 

«Еңбек — ырыстың бұлағы»

27 қыркүйек — Еңбек күні

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Ережепова «Айкөркем» шағын цехының аспазшылары Меруерт Жүнісбаева, Гүлмира Айтқұлованың қатысуымен «Еңбек — ырыстың бұлағы» атты кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырманға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беру және жас ұрпақ бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.

 

«Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жолдау-жағымды бастамалар жиынтығы» атты дөңгелек үстел өтті. 

 

                                 

«Тәуелсіздік ән-жырым»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Қызыларық ауылының тумасы Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзахан Ахметтің 70 жасқа толуына орай №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік ән-жырым» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға М.Ахметтің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

 

                               

 

 

«Салауатты өмір кепілі — спорт»

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №10 Күреңбел орта мектебінде 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Салауатты өмір кепілі — спорт» атты ақпарат сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың құндылығын ұғындыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрету.

 

 

«Қазақтың Саттары»

Жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақтың Саттары» атты әдеби сағат өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа жасындай жарқ еткен қысқа ғұмырында артында өшпес мұра қалдырған, қазақтың біртуар талантты ұлы, Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.
                                     

«Жақындарға жақын жүрген»

Қоғам қайраткері Мақсұт Жылысбаевтың туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жақындарға жақын жүрген» атты ақпарат сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға М.Жылысбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                                 

“Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм”

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Ел өркендеуінің берік негізі” атты дөңгелек үстел өтті.

 

                                       

“Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм”

ЖОЛДАУ — 2024 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Жаңа жағдайдағы Қазақстан” атты талқылау отырысы өтті.

 

                                

«Тұлғалы талант»

Жазушы Шериаздан Елеукенов 95 жаста

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тұлғалы талант» атты әдеби шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ш.Елеукеновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.