«Тарихи мұра-баға жетпес қазына»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарихи мұра-баға жетпес қазына» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, тарихымызды сақтауға, қастерлеуге баулу, тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.

 

                                       

 

«Ұлттық жаңғыру-елімнің болашағы»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық жаңғыру-елімнің болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.

 

                              

 

«Кітапханашы – XXI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы — 2024»

«KitapTime — 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі
«Кітапханашы – XXI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы — 2024»
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде жүмыс тәжірибесіне жаңа ақпараттық технологиялар мен әдіс-тәсілдер, жаңа кітапханалық жобаларды белсенді енгізіп, өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын мамандарды анықтау, олардың озық тәжірибесін тарату арқылы кітапханалық қауымдастықтың жүмысын жаңғырту мақсатында аудандық, ауылдық кітапханашылар арасында «Кітапханашы – XXI ғасыр мамандығы» «Жыл маманы — 2024» атты аудандық байқауы болып өтті. Байқауға аудандық, ауылдық кітапханалардың жасы 35-ке дейінгі кітапхана қызметкерлері қатысты. Байқау 7 кезең бойынша өтті.
📌1.«Кітапханашы — мәртебелі мамандық» (слайд, бейнебаян, ән, поэзия немесе проза түрінде және т.б өзінің ізденісіне байланысты өзін және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп қызметін таныстыру)
📌2. «Білікті маман — ел тірегі» (қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру):
📌3. «Жаршысы болып игі істің» — кітапхана қызметін жарнамалайтын бейнеролик
📌4. Үміткер «Көшбасшы анкетасы»
📌5. «Идеям бар!» атты презентация бойынша кітапхананың дамуына жаңа серпін беретін инновациялық жобаны қорғау.
📌6. «Ширату» — интеллектуалды ой-өрістік блиц-турнир (әрбір үміткер блиц турнир бойынша әдебиет, мәдениет, тарих, өнер, ғылым, ұлттық салт-дәстүр айналасындағы бірнеше сұраққа жылдам жауап беруі қажет)
📌7. «Өнерлінің өрісі кең» — өнердегі өрісі. (Сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді)
     Әділқазылар шешімімен Бас жүлдені Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Пернебек Гүлвира Сейсеналықызына бұйрса, І орынды цифрландырылған ақпараттық орталықтың әдіскері Шапенова Гүлдана Мақсұтханқызына, ІІ орынды Нұрлыкент ауылдық кітапханасының әдіскері Смайлова Фариза Талдыбекқызы мен Талапты ауылдық кітапханасының әдіскері Нұрғиса Жансая Ергалиқызына
                                         

«Лудомания-ұлт кесірі»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Пернебек №19 Д.Қонаев атындағы орта мектебінің психологы Шынар Есдәулетқызы, 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Лудомания-ұлт кесірі» атты психолог кеңесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Жас ұрпақтың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру, «Лудомания» ұғымын, оның белгілері мен салдарын қарастыру және ойынға тәуелділікті басқару стратегияларын талқылау, жастарды адамгершілік, қаржылық сауаттылық мәдениетіне тәрбиелеу.

 

                        

«Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, эканомикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы аудандық орталық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, эканомикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты дөңгелек үстел өтті.

 

                         

 

«Жазушымен бір күн»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында Жуалы жерінің тумасы журналист, жазушы Мақұлбек Рысдаулеттің туғанына 75 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жазушымен бір күн» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға М.Рысдаулеттің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
             

«Ертегілер әлеміне саяхат»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы балалар ойын алаңында «Бақалы» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ертегі оқу сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Бүлдіршіндердің ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттырыу, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                                         

 

 

«Өнегелі өмірі, өшпес мұра»

Жазушы Шериаздан Елеукенов 95 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Өнегелі өмірі, өшпес мұра» атты портреттік кеш өтті. ⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ш.Елеукеновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                                         

«Жайықтың ақ шағаласы»

Ақын Ақұштап Бақтыгереева 80 жаста

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жайықтың ақ шағаласы» атты әдеби портрет өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Ақұштап Бақтыгереева туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

 

                                       

«Тума талант»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханада оқырмандарға жазушы Әкім Әшімовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, ұлылардың өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында № 20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тума талант» атты портрет сағаты өтті.