«Сыбайлас жемқорлық-қауіпті дерт»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы Көкбастау ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы Аташбек Әмірқұл, №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық-қауіпті дерт» атты ашық алаң ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                                         

«Мифолог, ғалым-Серікбол Қондыбай»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі этнограф-ғалым Серікбол Қондыбайдың өмір жолымен шығармашылығын оқырманға кеңінен насихаттау мақсатында №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Мифолог, ғалым-Серікбол Қондыбай» атты таным сағаты өтті.

 

                             

«Бағыт-бағдарымыз-Мемлекет басшысының Жолдауы»

ЖОЛДАУ — 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Бағыт-бағдарымыз-Мемлекет басшысының Жолдауы» атты дөңгелек үстел өтті.

 

                                

«Жемқорлық індет, жою міндет»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жемқорлық індет, жою міндет» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

                             

«Бақытты отбасы-бақытты ел»

8 қыркүйек — Отбасы күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтаған ауылдық кітапханасында № Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Бақытты отбасы-бақытты ел» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқырмандарды бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру.

 

                                               

 

«Ғұмыры ғибрат тұлға»

Жазушы Шериаздан Елеукенов 95 жаста
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғұмыры ғибрат тұлға» атты әдеби портрет өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ш.Елеукеновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.
                                           

«Дін-мемлекеттің рухани тірегі»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Дін-мемлекеттің рухани тірегі» атты имандылық сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                                         

 

«Дарабоз дарын, талант иесі»

Жазушы Шериаздан Елеукенов 95 жаста

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Дарабоз дарын, талант иесі» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ш.Елеукеновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                              

 

 

«Жошы ұлысы-ұлы империяның алғашқы билеушісі»

Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында №2 Мыңбұлақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жошы ұлысы-ұлы империяның алғашқы билеушісі» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, елін, жерін сүюге, тарихын білуге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                                     

«Әдебиет мақтанышына айналған алып»

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әдебиет мақтанышына айналған алып» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.