«Ашық аспан астындағы оқу залы»

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Елдің сәні — ерке балғындар» атты ойын-сауық кеші өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.

 

                      

 

«Жұмекен — жұмбақ ақын»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жұмекен — жұмбақ ақын» атты әдеби алаң өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.

 

                                  

«Тау тұлға, дара тұлға — Бауыржан»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ақсуат» шекара бекеті сарбаздарының қатысуымен «Тау тұлға, дара тұлға — Бауыржан» атты патриоттық сағаты өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

 

                                      

 

«Жұлдыздан терем өлеңді»

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталар ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жұлдыздан терем өлеңді» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                       

Елі үшін туған перзент”

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Елі үшін туған перзент” атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                                      

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында пікір алмасу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                         

“Ертегілер әлемінде”

1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндерінің және оқырмандардын қатысуымен “Ертегілер әлемінде” тақырыбында ойын-сауық өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.

 

 

«Өнер, өмір өнеге»

 Жазушы Әнуар Әлімжанов — 95 жыл

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өнер, өмір өнеге» атты танымдық кеші өтті.

Мақсаты: Жазушы Әнуар Әлімжановтың шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                      

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса»

Композитор Нұрғиса Тілендиев — 100 жыл

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                        

«Қазақ әдебиетінің Абайтанушысы»

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы — 95 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Мерей» қызығушылық клуб мүшелері және №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің Абайтанушысы» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.