«Отбасы — бақыт мекені»

ОТБАСЫ КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Отбасы — бақыт мекені» атты әдеби сазды кеш өтті. Кешті «Топжарған» оқу орталығының бүлдіршіндері «Қазақ» биімен бастап, №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Мирас Ғали «Жаным қазақ» әнін орындады. №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары «Отбасы» туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, қатысқан қонақтар өз ойларымен бөлісіп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін берді. Кітапханашы А.Тәліпбек «Отбасы-бақыт ұясы» атты кітап көрмесімен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кешті №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Мейірлан Пернеқұл «Ана» әнімен қортындылады.

Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

 

                        

 

 

“Маңдайыма жазылған мәңгілігім”

«Жамбыл облысында 2025 жыл — “Кітап оқу жылы” жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында “15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны” ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай “Маңдайыма жазылған мәңгілігім” атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында №9 Абай атындағы орта мектебінің 8-10 сынып оқушылары Шымырбек Олжас “Қара машина”, Махай Шұғыла “Жапырақ жайлы бір өлең”, Серік Инабат “Көктем мен күз” өлеңдерін оқып, Елемес Нұрай, Андасбек Ұлданай, Дәулетжан Мерей ақынның естеліктерімен бөлісті. Қойшыбай Аружан, Бақыт Мунира лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Миябек Ерлік, Білалұлы Санжар, Сатымхан Азиз, Баймен Асылхан ақынның желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рұсқылбеков пен тергеуші арасындағы диалогты көрініс ретінде көрермендерге паш етті. Рахымберді Жадыра “Атамекен” әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Көкеева Ұлжан “Жырдан көрінген жүрек” атты кітап көрмесіне шолу жасап, әдістемелік құралмен таныстырды. Әдіскер Асанбек Арайлым “Ақын деген өлмейді жыр аманда” атты кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, марапаттады.

 

                              

«Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары»

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Мәдениет пен өнер-рухани өміріміздің мәйегі, адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениет — ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым.

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Мәдениеті биік елдің мәртебесі жоғары» атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, кітапхана ісіндегі инновациялық әдістерді қолдануда және оны жүйелі түрде жүргізуде белсенділік танытып, кітапхана имиджі мен қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік мәртебесін арттыру.

 

 

 

 

«Кітап — сарқылмас қазына»

«Жамбыл облысында 2025 жыл — «Кітап оқу жылы» жобасы

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы мақсатты бағдарлама аясында «Кітап — сарқылмас қазына» атты ашық аспан астында кітап көрмесін ұйымдастырды

Мақсаты: Кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

 

 

«Кітапхана — мәдениет мәйегі»

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Мәдениет пен өнер-рухани өміріміздің мәйегі, адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениет-ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана ардагері Н.Жанабаева, №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Кітапхана — мәдениет мәйегі» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, кітапхана ісіндегі инновациялық әдістерді қолдануда және оны жүйелі түрде жүргізуде белсенділік танытып, кітапхана имиджі мен қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік мәртебесін арттыру.

 

                     

«Аталар сөзі — тәрбие көзі»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларынын қатысуымен «Аталар сөзі — тәрбие көзі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу.

 

                                 

 

 

«Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл толуына орай «Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушылары Болатхан Нұрали, Құрманғали Ақтілек, Қалмахан Айзере, Алиханова Данеля, Чакова Крестина, Пірім Балауса жазушыға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, Жамбылхан Ерназар Мұхтар Мағауиннің «Шахан шер» романынан үзінді айтты. Жамбылхан Ерназар, Төрехан Алмас, Қуанышбай Айсұлтан, Бердіқұл Әсел, Әкімбек Інжу «Ерке сылқым», «Келіншек» күйлерін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Айжан Жанабаева «Әдебиет әміршісі — Мұхтар Мағауин» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Тарихтан тағылым тартқан» әдістемелік құрал, «Қазақ халқының әдебиетімен қоса тарихын тереңдеткен тұлға» библиографиялық көрсеткіш, «Мұхтар Мағауин — орнықты дарын, үлкен талант» атты ауызша журналын және кітап инсталляциясымен таныстырды. Кітапхана директоры Қайсар Асилбеков қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.
                                 

Ресей композиторы, дирижер Пётр Чайковский — 185 жыл

Ресей композиторы, дирижер Пётр Чайковский — 185 жыл

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Егеубаева П.И.Чайковскийдің шығармаларына шолу жасады.

Оқырмандарға Пётр Чайковскийдің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                            

 

 

 

 

 

«Елі ардақтаған ақын»

Ақын Қайырбек Асанов — 80 жас

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Елі ардақтаған ақын» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Қ.Асанов өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                               

«Жол таптым бар қазақтың жүрегіне»

Ақын, драматург Сәбит Мұқанов — 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жол таптым бар қазақтың жүрегіне» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Сәбит Мұқановтың шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.