«Тұңғыш темір жол инженері»

Қоғам қайраткері Мұхаммеджан Тынышбаевтың туғанына 145 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапхансында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұңғыш темір жол инженері» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы М.Тынышбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

 

                    

Бүгін — профессор Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ туған күні.

Бүгін — әйгілі түрколог, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ туған күні.
Мырзатай Жолдасбеков 1937 жылы 27 мамырда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген.
Мырзатай Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Қажырлы еңбегі мен ғылымға деген құштарлығының арқасында абырой биігіне көтерілген Мырзатай Жолдасбековтың өмірі кейінгіге үлгі, ұрпаққа өнеге.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне мерекелік марапаттар

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне мерекелік марапаттар
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жанабаева Айжан аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман Жаулыбаев Бақытжан, Қарабастау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жұмаханова Гүлсім аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.
Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Шақпақата ауылдық кітапхансының кітапханашысы Айтбекова Айман, Көлбастау ауылдық кітапхнасының кітапханашысы Мырзакулова Гүлжан аудандық мәдениет бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
 Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күзетшісі Алтаяров Қоңырат, Сұрым ауылдық кітапханасының күзетшісі Сәтбай Ернар «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.
 Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айтбекова Күнімай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
 Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің суретшісі Жанысбеков Рахымжан, редакторы Шәкір Аида кітапхана директорының Алғыс хатымен марапатталды. ⚜️Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Күреңбел ауылдық кітапханасының кітапханашысы Солтыбай Әмина, балалар кітапхнаасының кітапханашысы Егеубаева Гүлнұр «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
                                         
                                  
   

«Нашақорлық ғасыр дерті»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық ғасыр дерті» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын сақтау, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау, денсаулықтың өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін ұғындыру.

 

                               

«Тұлғаға тағзым»

Қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапхансында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тұлғаға тағзым» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы І.Жансүгіров туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

 

                               

«Ғұмыры ғибратты тұлға»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында Қарасаз ауылының тумасы жазушы Доқтырхан Тұрлыбек 75 жасқа толуына орай кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ғұмыры ғибратты тұлға» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

 

                                  

«Публицист жазушы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы Қошқарата ауылының тумасы жазушы Талғат Айтбайұлының 70 жасқа толуына орай №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Публицист жазушы» атты әдеби алаң өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

                                 

«Туған жер тұғырым»

«ТУҒАН ЖЕР — ТУҒАН ТАРИХ»
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқышыларының қатысуымен «Туған жер тұғырым» атты өлкетану сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға туған ауылдың өткен тарихымен танысып, туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге, Отанын қадірлеуге бағыттау болып табылады.
                           

«Заманның сөзін сөйлеген»

Ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Заманның сөзін сөйлеген» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру.

 

                     

«Білім кілті кітапханада»

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Мәдениет пен өнер-рухани өміріміздің мәйегі, адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениет-ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым.

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхана ардагері Н.Оразбаева, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Білім кілті кітапханада» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, кітапхана ісіндегі инновациялық әдістерді қолдануда және оны жүйелі түрде жүргізуде белсенділік танытып, кітапхана имиджі мен қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік мәртебесін арттыру.