Цифрландырылған ақпараттық орталықтарына жарнама

Жуалы аудандық орталық кітапханасы ауыл тұрғындарын кітапханада Цифрландырылған ақпараттық орталықтарында Қазақстан Республикасының электрондық egov. kz үкіметтік порталынан өз- өзіне қызмет көрсетіп, тегін анықтама алуға болатындығы туралы жарнама парақшаларын таратты.

 

                       

«Ұлттық мүдденің ұраншысы»

Жамбыл облысының Құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандрға қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық мүдденің ұраншысы» атты тәлім сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Б.Жаңабайұлының еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                    

«Тәуелсіздік — ән жырым»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында Қызыларық ауылының тумасы Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзахан Ахметтің 70 жасқа толуына орай №28 Амангелді орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік — ән жырым» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға М.Ахметтің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                     

 

«Қазақ хандығының алғашқы тарихын зерттеуші»

Тарихшы, әдебиетші Мұхамед Хайдар Дулати — 525 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында «Қазақ хандығының алғашқы тарихын зерттеуші» атты ақпарат сағатын оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

«Туасы бөлек тұлға»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі этнограф-ғалым Серікбол Қондыбайдың өмір жолымен шығармашылығын оқырманға кеңінен насихаттау мақсатында «Туасы бөлек тұлға» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады

 

«Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет — ресурстарының қауіптілігі»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет — ресурстарының қауіптілігі» атты пікір — сайыс ұйымдастырды.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                                

«Алаштың ұлы тұлғасы»

Қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапхансында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Алаштың ұлы тұлғасы» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы І.Жансүгіров туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

 

                

«Кітапхана — мәдениет мәйегі»

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

Мәдениет пен өнер-рухани өміріміздің мәйегі, адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениет-ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана ардагері Н.Жанабаева, №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Кітапхана — мәдениет мәйегі» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, кітапхана ісіндегі инновациялық әдістерді қолдануда және оны жүйелі түрде жүргізуде белсенділік танытып, кітапхана имиджі мен қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік мәртебесін арттыру.

 

                                    

«Поэзия зергері»

Ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Поэзия зергері» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру.

 

                    

 

 

«Қазақтың төл перзенті»

Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақтың төл перзенті» атты әдеби шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.