

Композитор Нұрғиса Тілендиев — 100 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Алатаудай асқақ өнерпаз” атты әдеби-музыкалық композиция өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
1 сәуір — Құстар күні
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы “Құстар біздің досымыз” атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Оқырмандарға құстар –табиғат, өмір көркі екенін, олардың тіршілігі жөнінде білім беру, жанашырлық сезімдерін ояту, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Құйылып түскен құйма алтын — Тұманбай Молдағалиев…» атты библиофэйсті назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы «Жүрегі жырдан жаралған» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Жазушы Қалихан Ысқақ — 90 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Қазақ прозасының қара нары» атты онлайн библиографиялық көрсеткішті назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Қалихан Ысқақтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.
Сатирик, журналист Көпен Әмірбек — 75 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебінің 7 сынып оқушыларының қатыскымен “Сатира — мықтылар қаруы” атты әдеби портрет өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Көпен Әмірбектің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жердің табиғатын қорғайық» атты экология сағаты өтті
Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Темекінің ағзаға зияны» атты ақыл кеңес сағаты өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақты зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
