«Кітап – сарқылмас қазына»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы «Көшпелі кітапхана» жобасы аясында орталық алаңда «Кітап – сарқылмас қазына» атты буккросинг өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру.

 

                           

«Жуалы жерінің ақын жазушылары»

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Ғажайып тағдырлы Жуалы мекенім» атты жобасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жуалы жерінің ақын жазушылары» атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын жазушылардың өмірі мер шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру
                       

«Мен жазда кітаппен доспын»

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мен жазда кітаппен доспын» атты әдеби колейдаскоп ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, кітаппен достастыру.

 

                           

«100 жаңа оқулық жаңғыру жетістігі»

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «100 жаңа оқулық жаңғыру жетістігі» атты ақпарат сағатын өтті.

Мақсаты: Әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтарын түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша оқырмандарға толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау.

 

                               

«Кітап – білім бұлағы»

Жуалы ауданы Теріс ауылдық кітапханасы Теріс ауылдық кітапханасы ашық аспан астында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Кітап – білім бұлағы» атты сөйлейтін кітаптармен таныстыру сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру.

 

                                 

 

 

«Әлия ерлігі — өшпес тарих»

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әлия ерлігі — өшпес тарих» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

                              

«Кітаппен өткен жаз қызық»

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы «Көшпелі кітапхана» жобасы аясында Қызыларық ауылдық округі әкімшілігінің алаңында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Кітаппен өткен жаз қызық» атты ашық аспан астында кітап оқу сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету, қызығушылық қабілеттерін ояту, ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу.

 

 

                         

«Жаһанға мәлім Жошы ұлысы»

Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында орталық саябақта кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жаһанға мәлім Жошы ұлысы» атты тарихи танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, елін, жерін сүюге, тарихын білуге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                         

«Адамгершіліктің бастауы-имандылық»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Адамгершіліктің бастауы-имандылық» атты имандылық сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                               

«Ақиық ақын Мұқағали»

Мұқағали — қазақ поэзиясына қайталанбас туындыларымен, отты жырларымен келген ғажайып, сыршыл ақын.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандрының қатысуымен «Хан тәңірінің мұзбалағы» мақсатты бағдарлама аясында «Ақиық ақын Мұқағали» атты жыр сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.