“Ерлік пен елдікті ту еткен”

Мәмбетұлы Байзақ батыр — 235 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Ерлік пен елдікті ту еткен” атты әдеби постулат ұйымдастырды.

 Мақсаты: Батырдың ерлігі мен өнегелі өмірін кеңінен насихаттау, оқырмандарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін ояту.

 

                                

«Әжемнің ертегісі»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы «Көшпелі кітапхана» жобасы аясында Бәйтерек ауылдық бөбекжай балабақшасында «Әжемнің ертегісі» атты ертегі оқу сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Бүлдіршіндерді ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі — түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                          

«Жемқорлық індет, жою міндет»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жемқорлық індет, жою міндет» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                                     

 

 

«Ертегі кітап ішінде»

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы «Көшпелі кітапхана» жобасы аясында Бауыржан Момышұлы атындағы саябақта кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ертегі кітап ішінде» атты ертегі оқу сағаты өтті.

Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету, қызығушылық қабілеттерін ояту, ертегі арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа тәрбиелеу.

 

                                     

«Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама»

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Ұлттық және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, жастардың өз елін, отанын сүюге, тарихын тануға, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным көкжиегін арттыру.

 

                      

 

«Батыр тұлға»

Кеңес Одағының батыры Павлов Барис Тимофеевич туғанына 105 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында аудандық орталық саябақта кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Батыр тұлға» атты ақпарат сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға батыр Барис Павловтың өмір жолымен, ерлігі туралы кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.

 

 

                    

 

 

«Әже ісі өнеге»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Аспазшылар» әуесқойлар клубы мүшелерінің қатысуымен «Әже ісі өнеге» атты шеберлік сағаты өтті.

Мақсаты: Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты, таза жұмыс жасауға тәрбиелеу, ойлау қабілетін арттыру, білім сапасын көтеруге ықпал ету, өз бетінше іздену жұмысына баулу.

 

«Спорт — бақытқа бастар жол»

КСРО спорт шебері Серік Қонақбаев 65 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Спорт — бақытқа бастар жол» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға С.Қонақбаевтың өмір жолымен жетістіктері туралы кеңінен түсінік беру.

 

                                   

«Еңселі — Елорда, асқақтаған — Астана»

6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ

Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Еңселі — Елорда, асқақтаған — Астана» атты сурет салу сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру, деректермен білімін, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

 

                                

«Еңселі Елорда, асқақатаған Астана»

6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ

Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Еңселі Елорда, асқақатаған Астана» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру, деректермен білімін, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.