«Ұлы дала — Алтын Орда»

Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы дала — Алтын Орда» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген саясаты, қазақ даласының тарихында алатын орнын, құндылықтарын насихаттау.

«Қазақтың бір туар ақыны»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың бір туар ақыны» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

«Мұхтар Әуезов — өмірі мен шығармалары»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында мақсатты кітапханалық бағдарлама аясында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Мұхтар Әуезов — өмірі мен шығармалары» тақырыбында шығармаларына шолу кеші өтті

«Тұманбай жыры — тұнған сыр»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұманбай жыры — тұнған сыр» атты әдеби постулат өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

«Сегіз қырлы бір сырлы”

Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтың туғанына 80 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сегіз қырлы бір сырлы” атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Құман Тастанбековтың өмірі мен қазақ өнерінде жасаған еңбектерін насихаттау, оқырмандардың бойындағы табиғи талантын ұштау.
                                
«Зулайды күндер»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Мерей» қызығушылық клуб мүшелері, №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Зулайды күндер» атты диспут өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

“Қазақстан — бейбітшілік пен келісім қарашаңырағы”

Жуалы ауданы, Қызыларық ауылдық округі, Ақтөбе ауылдық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай №25 Ақтөбе тірек мектебінің 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен “Қазақстан — бейбітшілік пен келісім қарашаңырағы” атты әдеби постулат өтті.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының бір шаңырақ астындағы халықтардың достығымен өз ара түсіністігін одан әрі дамытып, еліміздегі Ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ бірлікті нығайту.

«Ана — отбасы тірегі,мейірімділіктің жүрегі»

8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасыда №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ана — отбасы тірегі,мейірімділіктің жүрегі» атты мерекелік сағат өтті.

Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Аналарға мың тағзым»

8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында Қошқарата ауылдық округінің әкімі М.Телеушов, Ақсақалдар алқасының төреағасы Ә.Үлкінбаев, Аналар алқасының төреайымы Ж.Тәжібаеваның қатысуымен «Аналарға мың тағзым» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты: Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың еңбегін бағалап, келер ұрпақты мейірімділікке, сый — құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

8 НАУРЫЗ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандары және №5 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» тақырыбында сұхбат өтті.