


Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Терроризм — әлемге төнген қауып» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың туғанына 1005 жыл
Жуалы ауданы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №34 Қаратас атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Түркі әлемінің ұлы ойшылы» атты әдеби постулат өтті.
Мақсаты: Жүсіп Баласағұнның өмір жолын, шығармашылық жетістіктерін насихаттай отырып оқырмандарды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Менің жақсы көретін кітаптарым» атты әдеби қонақжай өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын, бар білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапты ұқыпты әрі таза ұстауға баулу.


21 АҚПАН — АНА ТІЛІ КҮНІ
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы №25 Ақтөбе тірек мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Ана тілім — айбыным” атты танымдық-зерделік кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу, ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.