

Қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақтың Құлагері» атты дайджест өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы І.Жансүгіров туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Дәстүрлі діни ағымдар» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында «Күреңбел» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Сиқырлы сандық ертегілері» атты оқу сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Балаларға кітап арқылы сөздік қорларын дамытып, тiл байлықтарын молайту, сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту, достыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында «Айжұлдыз» жазғы сауықтыру лагері бүлдіршіндерінің қатысуымен атты ашық аспан астындағы кітап оқу сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Балаларға вертуалды кітап арқылы сөздік қорларын дамытып, тiл байлықтарын молайту, сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту, достыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.


16 маусым — ӘКЕЛЕР КҮНІ
Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында Боралдай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Бексұлтан Нұрбай, спорт секторы Кемелхан Тұрсынбек, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әкешім асқар тауым» атты өнеге сағаты өтті.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.

16 маусым — ӘКЕЛЕР КҮНІ
Әке – балаларға өмірдің жолын көрсететін жарық шам!
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында Жамбыл облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Абуғали Ералиев, Бауыржан Момышұлы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кемелбек Дәуренов, аудандық «Әкелер» кеңесінің мүшесі Дәулетжан Байдалиев, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашевтың қатысуымен «Әкенің қамқорлығы таудан биік» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау, Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту, ата-ана қадірін түсіне білуге баулу.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты пікір-талас ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

