«Танымы терең тұлға»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында Бақалы ауылының тумасы журналист, жазушы Мақұлбек Рысдаулеттің туғанына 75 жыл толуына орай №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжан Сейтбекова, 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Танымы терең тұлға» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға М.Рысдаулеттің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                         

«Хан қызындай Ханбибі»

Ақын Ханбибі Есенқарақызы 75 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапхансында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Хан қызындай Ханбибі» атты таным сағаты өтті.

Мақаты: Оқырмандарға Х.Есенқарақызының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                   

«Ұмытпайды ерлігіңді ардагерім, Отан үшін отқа түскен майдангерім»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен екінші дүниежүзілік соғысының батыры, Даңқ орденінің толық иегері Тайыр Тастандиевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ұмытпайды ерлігіңді ардагерім, Отан үшін отқа түскен майдангерім» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға екінші дүниежүзілік соғысының батыры Тайыр Тастандиевтың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет беріп, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                     

 

 

«Көп қырлы талант иесі»

Қазақтың ақыны Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында №28 Амангелді орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Көп қырлы талант иесі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, оқырмандардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

 

                        

«Дін және заман»

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында ауыл имамы Бауыржан Жалғасбаев, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Дін және заман» атты имандылық сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

             

«Балалардың сүйікті жазушысы»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Балалардың сүйікті жазушысы» атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
                     

«Тараз — тарихы»

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы «Тараз — тарихы» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Жас ұрпаққа өз өлкесі туралы ақпарат бере отырып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елін, жерін қорғауға баулу.

 

                            

«Балғын балалық шақ»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандрының қатысуымен «Балғын балалық шақ» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.
                         

«Ұлы даланың мақтанышы»

Өтеген батыр Өтеғұлұлы — 325 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлы даланың мақтанышы» атты тарих сағаты өтті.
 Мақсаты: Жас ұрпақты батыр бабаның ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету, батыр бабаның ерлігіне тереңірек үңіле отырып ой өрісін дамыту, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеугеуге, өз елін, тарихын білуге, батыл болуға тәрбиелеу.
                           

«Бейнесі сөнбес сәулеге айналған тұлға»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Бақалы ауылының тумасы журналист, жазушы Мақұлбек Рысдаулеттің туғанына 75 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Бейнесі сөнбес сәулеге айналған тұлға» атты әдеби шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға М.Рысдаулеттің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.