«Денсаулық-өмір негізі»

5 сәуір — Бүкіләлемдік денсаулық күні

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің кітапханашысы Г.Жолдасова, 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Денсаулық-өмір негізі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

                             

«Өзгеше ойлы қаламгер»

Тарихшы, әдебиетші Мұхамед Хайдар Дулати — 520 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өзгеше ойлы қаламгер» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Шуақты өлке шұғыласы»

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Балалы ел-бақытты ел» атты мақсатты бағдарлама аясында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Шуақты өлке шұғыласы» атты әдеби саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа өз өлкесі туралы ақпарат бере отырып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елін, жерін қорғауға баулу.

 

 

БҮГІН — АҚЫН АБДОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН — АҚЫН АБДОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІ
     Ол 1915 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институт) бітірген. 1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы) баспасында редактор болған. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Таңдамалы өлеңдері», «Өшпес жалын», «Өлмес өмір дастаны» атты жинақтары жарық көрді. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмалары бар. Ақын Лермонтовтың, Низамидің, Байронның жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.
Қасым Аманжолов ол туралы «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды.

ХАЛЫҚ БАТЫРЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

 ХАЛЫҚ БАТЫРЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
         1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың жақын серіктесі, Иман Дулатұлының немересі. 📌Амангелді Үдербайұлы Иманов 3 сәуірде Торғай уезі Қайдауыл болысының (Терісбұтақ) ауылында 1873 жылы дүниеге келген.
       Амангелді Иманов ұйымдастырушылық және қолбасшылық дарынымен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте танылды. Бұқара халықтың бұл көтерілісі 19-43 жас аралығындағы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу туралы Николай ІІ 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Көтерілістің саяси маңызы болды, патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді және Ресейдегі Ақпан революциясына дейін жалғасты. Оған қатысқан сарбасдардың (жауынгерлердің) саны 50 мың адамды құрады.
      1917 ж. қазан – 1918 ж. қаңтарында Амангелді Иманов Торғай және Торғай облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысқан, Торғай уезінің әскери комиссары болған. 1919 жылы 20 сәуірде Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Алакөлге жерленді. 1940 жылы халық батыры Амангелді ауданының орталығына (бұрынғы Батпаққара ауылы) қайта жерленді.
    Амангелді Имановтың бейнелі мүсінін қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев сомдады. Наурызбаев сомдаған Амангелді бейнесі терең психологиялық сипатқа ие.

«Қазақтың Қанышы»

Профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың Қанышы» атты танымдық кеш өтті. 

Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі ала отырып, жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

                           

«Әзілкештер ауылы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен Шақпақата ауылының тумасы сатирик, жазушы Толымбек Әлімбекұлының 70 жасқа толуына орай «Әзілкештер ауылы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Толымбек Әлімбекұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                      

«Экология — өмірдің жүрегі»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында «Бәйтерек» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «Экология — өмірдің жүрегі» атты экологиялық сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.

 

                      

«Имандылық — инабаттылық»

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы Ақтөбе мешітінің имамы Бақытжан Елесов, №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Имандылық — инабаттылық» атты әңгіме ұйымдастырды.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып,оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                     

«Жалт еткен жасын ғұмыр»

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімінің кітапханашысы М.Темірбаева І топ көз мүгедегі Айдар Қаңтарбаев, ІІ топ көз мүгедегі Марат Заурбеков, ІІІ топ көз мүгедегі Урхия Джабагиеваның қатысуымен «Жалт еткен жасын ғұмыр» атты тарих сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.