ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

     Бүгін — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін негізін қалаушылардың бірі ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938 жж.) дүниеге келді. Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін науқанының құрбаны болды.
І.Жансүгіровтың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэма қазақ поэзиясының інжу маржаны болып табылады. І.Жансүгіровтың прозалық шығармаларының ішіндегі көлемдісі — «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс тіршілігін, азаттықты көксеген арман аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Қаламгер әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Лермонтовтың, А.Горькийдің, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалады. Елімізде бірнеше мектепке, көшеге, ауданға, елді-мекенге, Талдықорған қаласындағы Жетісу мемлекеттік университетіне І.Жансүгіровтың есімі берілді. 1994 жылы университеттің қарсы алдындағы алаңға ақынның қоладан құйылған ескерткіші орнатылды. Талдықорғанда ақынның өмірі мен шығармаларына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

 

 

 

«Қазақ саңлағының сатирасы»

Жазушы, сатирик Оспанхан Әубәкіровтың туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ саңлағының сатирасы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға О.Әубәкіровтың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы түсінік беру, жазушының еңбектерімен таныстыру.

 

                               

«Аталар жолымен , ағалар ізімен»

Қазақтың ақыны Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Жуалы ауданы пробация қызметінің инспекторы Әуесбек Еркебұлан Нұрлыханұлы, пробация есебінде тұрған Волков Антон Шораевич, №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Аталар жолымен , ағалар ізімен» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Ақын Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, оқырмандардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

 

                              

«Қыран қазақ»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында Қошқарата ауылының тумасы жазушы Талғат Айтбайұлының 70 жасқа толуына орай «Қыран қазақ» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға Т.Айтбайұлының өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

«Жемқорлық індет жою міндет»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жемқорлық індет жою міндет» атты құқықтық ринг өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                           

«Бірлікті сақтаған Әйтеке би»

Қазақтың атақты шешен биі Әйтеке би — 380 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Бірлікті сақтаған Әйтеке би» атты тарихи шежіре өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Әйтеке бидің өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
                       

«Алғыс саған, ақ халатты абзал жан»

12 мамыр — Халықаралық меиірбикелер күні

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы Қосбөлтек ауылдық медпунктінің меиірбикесі Ә.Әзімнің қатысуымен «Алғыс саған, ақ халатты абзал жан» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

 

                                 

«Адамзаттың асылы — Ана деген»

12 мамыр — АНАЛАР КҮНІ

Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекемен толықты. Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.

Жуалы аудандық орталық кітапханасында №5 «Балдырған» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері Ж.Кашкеева, Ф.Тұяқова, Г.Кемелованың қатысуымен «Адамзаттың асылы — Ана деген» атты мерекелік кеш өтті. Кітапханашы Н.Сиркебаева «Батыр аналар — ел мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Жас ұрпақтың аналарға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, мейрімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, ой-өрісін тіл байлығын дамыту, оқырмандарға ата-ана алдындағы парызы туралы түсініктеме беру.

 

             

             

 

«Қазақ поэзиясының Құлагері»

Қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапхансында №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы І.Жансүгіров туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

 

                             

«Отан қорғау азаматтың борышы»

7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасы клуб мамандарымен бірлесіп «Отан қорғау азаматтың борышы» атты патриоттық сағат өтті. Кітапханашы А.Бегалиева «Отан қорғау азаматтың борышы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.