

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында Бақалы ауылының тумасы журналист, жазушы Мақұлбек Рысдаулеттің туғанына 75 жыл толуына орай №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжан Сейтбекова, 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Танымы терең тұлға» атты танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға М.Рысдаулеттің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ақын Ханбибі Есенқарақызы 75 жаста
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапхансында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Хан қызындай Ханбибі» атты таным сағаты өтті.
Мақаты: Оқырмандарға Х.Есенқарақызының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен екінші дүниежүзілік соғысының батыры, Даңқ орденінің толық иегері Тайыр Тастандиевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ұмытпайды ерлігіңді ардагерім, Отан үшін отқа түскен майдангерім» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға екінші дүниежүзілік соғысының батыры Тайыр Тастандиевтың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет беріп, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қазақтың ақыны Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында №28 Амангелді орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Көп қырлы талант иесі» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, оқырмандардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында ауыл имамы Бауыржан Жалғасбаев, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Дін және заман» атты имандылық сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы «Тараз — тарихы» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Жас ұрпаққа өз өлкесі туралы ақпарат бере отырып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елін, жерін қорғауға баулу.


