
«Сөз қазынасы кітап»


Бауыржан Момышұлының мемориалдық музейінде Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен “Қолмен ұстап, жүрекпен сезін” атты тифломузей жобасының зағип азаматтарға QR-код арқылы ұйымдастырылған арнайы бұрышы ашылды. Бұрыш ашудағы негізгі мақсат — зағип және көзі көрмейтін жандардың қоғаммен байланысын күшейтіп, зағип оқырмандарды мәдени орталықтарға, жан-жақты мәдени дамыту.Шараға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Зарина Дүкенбаева, “Аманат” партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков, Жамбыл облыстық қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігінің Жуалы аудандық филиалының өкілі Айдар Қаңтарбаев қатысты. Алғашқы сөз “Аманат” партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Аманғалиұлы мен Жамбыл облыстық қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігінің Жуалы аудандық филиалының өкілі Айдар Ерғалиұлына беріліп, олар бұрыштың ашылуымен құттықтап, бұрыштың лентасын қиды. Шараға аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Инватакси” қызметінің көмегімен мүмкіндігі шектеулі көз мүгедектігі бар азаматтар мен көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар бөлімінің оқырмандары қатысып алғыстарын білдірді. Мұражай қызметкерлері шараға қатысушыларға батыр Бауыржан Момышұлының жеке заттарын таныстырды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ
Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімі «Шаңырағы биік шуақты өлке» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Жас ұрпаққа өз өлкесі туралы ақпарат бере отырып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елін, жерін қорғауға баулу.
ЖАҢА КІТАПТАР — ОҚЫРМАН ИГІЛІГІНЕ
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы оқырмандар назарына кітап қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерді таныстыруда.
Жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы 65 жаста
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Көркем әңгіме, парасатты пайым» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы түсінік беру, жазушының еңбектерімен таныстыру.


«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Қызыларық ауылының тумасы Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзахан Ахметтің 70 жасқа толуына орай №2 Мыңбұлақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қаламгер келбеті» атты әдеби шолу өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға М.Ахметтің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ақын Майкөт Сандыбайұлының туғанына 200 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ақын елдің ардағы» атты танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы
Маралтай Ыбыраев — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Аппақ әлем, мен саған қарай берем» атты әдеби шолу ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Маралтай Ыбыраевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы «Қазақтың мақтанышы» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі ала отырып, жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
