«Қоршаған орта және заң»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Қырғызбаева, ААбенова және 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қоршаған орта және заң» тақырыбында құқық сағаты өтті.
Мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.
                            

“Ақын елдің ардағы”

Жазушы Жақау Дәуренбеков — 80 жаста

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Ақын елдің ардағы” атты әдеби панорама өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Жақау Дәуренбековтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

                    

«Елі үшін жаралған»

Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов 90 жаста

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Елі үшін жаралған» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған өлкенің тарихы мен ел үшін еңбек еткен тұлғаларға құрмет сезімін арттыру

 

                        

 

 

«Тарихи тұлға- Абылай хан»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Тарихи тұлға- Абылай хан» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 

              

“Балалы ел — бақытты ел”

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында “Балалы ел — бақытты ел” атты мақсатты бағдарлама аясында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Халық қаһарманы” атты тарихи сағаты өтті.

Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.

 

                         

«Ғылым шежіресін сөйлеткен қаламгер»

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ғылым шежіресін сөйлеткен қаламгер» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

                       

 

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР БЕТТЕРІНЕН

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР БЕТТЕРІНЕН

Жуалы аудандық орталық кітапхананың ақпараттық библиография бөлімінің библиографы аудандық «Жаңа өмір», «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған мақалаларды назарларыңызға ұсынады.

 

«Күй анасы»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Күй анасы» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

 

 

«Әдебиеттегі әлемі бөлек Әдібай»

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әдебиеттегі әлемі бөлек Әдібай» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

 

                    

 

 

 

 

 

«Қазақтың ханы Абылай»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақтың ханы Абылай» атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.