«Құқық пен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі»

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидасы аясында «Құқық пен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі» атты ақыл-кеңес сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Патриоттық тәрбие – адамның туған жеріне, халқына, тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау талаптары мен дағдылар оқушыда тәртіпке бағыну, уақытты бағалау, өз ісіне жауапты болу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

 

“Балалық шақ — бақыт мекені”

✨📚Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында “Балалық шақ — бақыт мекені” тақырыбында сурет салу ұйымдастырды.

✨📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ

 

                           

 

 

«Табиғат – туып-өскен тал бесігім»

🔰Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Табиғат – туып-өскен тал бесігім» атты ақпарат сағаты өтті.

🔰Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

                     

“Дабылды жырдың дауылпазы”

📖✒️Ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл

📖✒️ Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Дабылды жырдың дауылпазы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

📖✒️Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

                        

«Жырмен өрілген тағдыр»

📖✒️Ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл

📖✒️ Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы «Жырмен өрілген тағдыр» атты библиопостты назарларыңызға ұсынады.

📖✒️Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен жазушының “Жеті ата” әңгімесіне шолу ұйымдастырды.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.
                    

«Сырға толы мөлдіреген өлеңі»

⚜️Ақын Марфуға Айтхожина — 90 жаста

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Сырға толы мөлдіреген өлеңі» тақырыбында поэзия кешін өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарды қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Айтхожинаның өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстыру, оның поэзиясының көркемдік ерекшелігін, ұлттық руханиятқа қосқан үлесін насихаттау. Ақын шығармалары арқылы туған жерге, елге, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және кітап оқуға баулу. #ЖуалыОКЖ

               

«Полигон үнсіз қалды – үміт оянды»

🛑Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл
🛑Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасы «Полигон үнсіз қалды – үміт оянды» тақырыбында әңгіме ұйымдастырды.
🛑Мақсаты: Семей ядролық полигонының адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген ауыр зардаптары туралы мағлұмат беру, оқырмандардың тарихи санасын қалыптастыру, бейбітшілік пен қауіпсіз өмір құндылықтарын дәріптеу, ядролық қаруға қарсы азаматтық көзқарасты тәрбиелеу, туған жерге деген жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді арттыру.
                   

«Қазақ поэзиясының дарынды ақыны»

⚜️Ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл

⚜️ Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Қазақ поэзиясының дарынды ақыны» атты портрет кеші өтті.

⚜️Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

                      

“Жазғы оқу керуені”

✨📚Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында “Жазғы оқу керуені” тақырыбында кітап керуенің ұйымдастырды.

✨📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.