
«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest КІТАП ФЕСТИВАЛІ



«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы Бақалы ауылының тумасы журналист Мақұлбек Рысдәулеттің туғанына 75 жыл толуына орай №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Ұлт әдебиетінің шоқжұлдызы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға М.Рысдәулеттің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Батыр қызы қазақтың» атты ерлік сағаты өтті.
Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Мәмбетұлы Байзақ батыр — 235 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Қиындықта шыңдалған құрыш” атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Батырдың ерлігі мен өнегелі өмірін кеңінен насихаттау, оқырмандарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін ояту

Ақын Майкөт Сандыбайұлының туғанына 200 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп — гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Ақын болу халықтың ісі» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет 70 жаста
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ поэзиясы және Ұлықбек Есдәулет» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мер шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру.

Жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы 65 жаста
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Көркем сөздің көсемі» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы түсінік беру, жазушының еңбектерімен таныстыру.

Жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасында Шерхан Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Арман Әбдіжаппар, мектеп оқушыларының қатысуымен «Әдебиеттің алып бәйтерегі» атты әдеби саяхат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клуб мүшелері, №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен атты патриот сағаты өтті.
Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
