

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы балалар ойын алаңында «Бақалы» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ертегілер әлеміне саяхат» атты ертегі оқу сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Бүлдіршіндердің ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттырыу, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

Жазушы Шериаздан Елеукенов 95 жаста
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Өнегелі өмірі, өшпес мұра» атты портреттік кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ш.Елеукеновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Ақын Ақұштап Бақтыгереева 80 жаста
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жайықтың ақ шағаласы» атты әдеби портрет өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Ақұштап Бақтыгереева туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханада оқырмандарға жазушы Әкім Әшімовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, ұлылардың өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында № 20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Тума талант» атты портрет сағаты өтті.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы Көкбастау ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы Аташбек Әмірқұл, №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық-қауіпті дерт» атты ашық алаң ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі этнограф-ғалым Серікбол Қондыбайдың өмір жолымен шығармашылығын оқырманға кеңінен насихаттау мақсатында №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Мифолог, ғалым-Серікбол Қондыбай» атты таным сағаты өтті.

ЖОЛДАУ — 2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Бағыт-бағдарымыз-Мемлекет басшысының Жолдауы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жемқорлық індет, жою міндет» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

8 қыркүйек — Отбасы күні
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтаған ауылдық кітапханасында № Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Бақытты отбасы-бақытты ел» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқырмандарды бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру.
