«Махаббат мүсіншісі»
Жазушы Бексұлтан Нұржекеев 85 жаста
Жуалы ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева «Махаббат мүсіншісі» атты әдеби шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырады.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің өмірі мен қызыметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. #ЖуалыОКЖ
«Денсаулық — басты байлық»
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында «Денсаулық — басты байлық» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі ең маңызды құндылық екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғындыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

«Жыр мен білімнің қос шыны: Ыбырай мен Мұқағали»

«Достық керуенінде — 35 жыл»
Тәуелсіз мемлекеттер достығына — 35 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Достық керуенінде — 35 жыл» атты танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Тәуелсіз мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен бейбітшіліктің маңызын түсіндіру, жастарды елжандылыққа, достыққа, ынтымаққа тәрбиелеу. #Жуалы ОКЖ

«Ұлтының ұлы тұлғасы»
Жазушы Бек Тоғысбаев — 90 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ұлтының ұлы тұлғасы» атты жыр кеші өтті.
Мақсаты: Жазушы Бек Тоғысбаевтың өмір жолы мен шығармашылық жетістіктері арқылы жас ұрпаққа өнеге көрсету, айтыс өнері арқылы ұлттық сана мен тіл мәдениетін дамытып, оқушыларды шешендікке, суырыпсалмалыққа, еркін ойлауға баулу.

«Жаңа заманның ерлік шежіресі»
Жазушы Бексұлтан Нұржекеев 85 жаста
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен кітапханашы К.Айтбаева «Жаңа заманның ерлік шежіресі» атты кітап шолуын ұйымдастырып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің өмірі мен қызыметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

«Жыр алыбы Жамбыл Жабаев»
Ақын Жамбыл Жабаев — 180 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Жыр алыбы Жамбыл Жабаев» тақырыбында әдеби сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
“Тарихтан сыр сабақтаған”
Жазушы Бек Тоғысбаев — 90 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин орта мектебінің 10 сынын оқушыларының қатысуымен “Тарихтан сыр сабақтаған” атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Бек Тоғысбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

«Ұлы даланың алып жыршысы — Жамбыл»
Ақын Жамбыл Жабаев — 180 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Ұлы даланың алып жыршысы — Жамбыл» тақырыбында жыр кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.