«Жақау Дәуренбеков — ұлттық рухтың үні»

Жазушы Жақау Дәуренбеков — 80 жаста

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жақау Дәуренбеков — ұлттық рухтың үні» атты әдеби панорама өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Жақау Дәуренбековтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

                  

 

 

«Қайым және Алаш»

Жазушы, драматург Қайым Мұхамедханов — 110 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қайым және Алаш» атты деректі кеш өтті.

Мақсаты: Жазушы, драматург, ғалым Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын таныту.

 

                    

 

 

“Жамбыл әлемі — рухани қазына”

Қазақтың ұлы ақыны, жырау Жамбыл Жабаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Жамбыл әлемі — рухани қазына” атты жыр кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау.

 

         

 

 

“Ұшқыш — ғарышкер”

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасы “Ұшқыш — ғарышкер” атты ақпарат сағатын өтті.

Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.

 

                                  

 

 

«Заманымыздың заңғар жазушысы»

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Заманымыздың заңғар жазушысы» атты ақпарат сағатын өтті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

                              

 

 

“Қазақтың қас батыры, бас ханы — Абылай»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыЖуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Қазақтың қас батыры, бас ханы — Абылай»атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 

                         

«Ерліктің, еркіндіктің туы — Абылай»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №10 Күреңбел орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Ерліктің, еркіндіктің туы — Абылай» атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 

                   

«Жүрегі жыр, көңілі нұр»

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы «Жүрегі жыр, көңілі нұр» тақырыбында шығармаларына шолу өтті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

«Қазақ халқының қаһарман перзенті»

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет ет!» тақырыбында аудандық жастар форумы өтті. Тағылымы терең бұл жиынның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, елге адал қызмет етудің маңызын дәріптеу болды.
 Форум аясында аудандық орталық кітапхана қонақтар назарына «Қазақ халқының қаһарман перзенті» атты мазмұнды кітап көрмесі мен фотогаллерея ұсынды. Көрме барысында даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ерлікке толы жауынгерлік жолы мен өнегелі өмірі кеңінен насихатталды. Батырдың елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен қайсар мінезі жас буынға үлгі ретінде таныстырылды.
 Сонымен қатар, көрме шеңберінде Жуалы өңірінен шыққан 14 генерал туралы тың мәліметтер ұсынылып, олардың ел қорғаны жолындағы еңбектері мен тарихи тұлғалық бейнелері көпшілікке таныстырылды. Бұл деректер жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, елжандылық сезімін нығайта түсті.
                     

«Ұлтымыздың рухани ұстазы»

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлтымыздың рухани ұстазы» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметін таныстыру, оның қазақ білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін көрсету, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.