16 тамыз — СПОРТ КҮНІ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында “Атамекен” қызығушылық клуб мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Спорт — денсаулық кепілі» атты ұлттық ойындар сағаты өтті.
Мақсаты: Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге дағдыландыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.






