







Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Нашақорлық ғасыр дерті» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын сақтау, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау, денсаулықтың өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін ұғындыру.

Қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапхансында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тұлғаға тағзым» атты тарих сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы І.Жансүгіров туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында Қарасаз ауылының тумасы жазушы Доқтырхан Тұрлыбек 75 жасқа толуына орай кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ғұмыры ғибратты тұлға» атты әдеби сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы Қошқарата ауылының тумасы жазушы Талғат Айтбайұлының 70 жасқа толуына орай №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Публицист жазушы» атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.


Ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Заманның сөзін сөйлеген» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру.

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Мәдениет пен өнер-рухани өміріміздің мәйегі, адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениет-ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым.
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхана ардагері Н.Оразбаева, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Білім кілті кітапханада» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, кітапхана ісіндегі инновациялық әдістерді қолдануда және оны жүйелі түрде жүргізуде белсенділік танытып, кітапхана имиджі мен қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік мәртебесін арттыру.

Жуалы аудандық орталық кітапханасы ауыл тұрғындарын кітапханада Цифрландырылған ақпараттық орталықтарында Қазақстан Республикасының электрондық egov. kz үкіметтік порталынан өз- өзіне қызмет көрсетіп, тегін анықтама алуға болатындығы туралы жарнама парақшаларын таратты.

Жамбыл облысының Құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлының туғанына 95 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандрға қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық мүдденің ұраншысы» атты тәлім сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Б.Жаңабайұлының еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
