«Көркем әңгіме, парасатты пайым»

Жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы 65 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Көркем әңгіме, парасатты пайым» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы түсінік беру, жазушының еңбектерімен таныстыру.

 

                   

Ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл

Бүгін көрнекті жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына — 124 жыл
Қаламгер өз шығармаларында қазақ халқының ғасырлар бойғы тұрмысын, мәдениетін, тарихын бейнеледі.
Ол халықтың революциядан кейінгі өмірін «Жұмаштың өлімі», «Альбом», «Балбөпе», «Сұлушаш», «Ақ аю» және т.б. шығармаларында жазды.
Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» шығармасы қазақ прозасындағы таптық күрес жөніндегі алғашқы әлеуметтік-психологиялық роман болды. Кейін туынды «Мөлдір махаббат» деген атпен жарық көрді.
Сонымен қатар жазушы қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды.
Жалпы қаламгер 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен зерттеу еңбектерін мұра етіп қалдырды. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды.
Тау тұлға қазақ әдебиетінің қалыптасуына үздіксіз сіңірген еңбегі үшін 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды.

«Қаламгер келбеті»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Қызыларық ауылының тумасы Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мырзахан Ахметтің 70 жасқа толуына орай №2 Мыңбұлақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қаламгер келбеті» атты әдеби шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға М.Ахметтің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

              

«Ақын елдің ардағы»

Ақын Майкөт Сандыбайұлының туғанына 200 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ақын елдің ардағы» атты танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

           

«Аппақ әлем, мен саған қарай берем»

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы

Маралтай Ыбыраев — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі.

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Аппақ әлем, мен саған қарай берем» атты әдеби шолу ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Маралтай Ыбыраевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

«Қазақтың мақтанышы»

Профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы «Қазақтың мақтанышы» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі ала отырып, жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

 

 

«Кітап — таусылмайтын қазына»

 

 23 сәуір — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КІТАП ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Кітап — таусылмайтын қазына» атты ашық есік күнін ұйымдастырды.

 Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту.

                      

 

«Ұлттық жаңғыру — ұлттықт сананың кемелденуі»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ұлттық жаңғыру — ұлттықт сананың кемелденуі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Ұлттық және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, жастардың өз елін, отанын сүюге, тарихын тануға, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным көкжиегін арттыру.

 

               

 

«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest КІТАП ФЕСТИВАЛІ

«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest КІТАП ФЕСТИВАЛІ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір — дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі өтуде.
«Оқуға құштар оқырман» — оқу марафоны: өңір кітапханалары оқырмандарының арасынан таңдалған 2023 жыл ішінде ең көп кітап оқыған оқырмандар марапатталды.
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапхананың үздік оқырманы Кұрматаева Кәмшат Қалиқызы жыл ішінде 52 кітап оқып, үздік оқырман номинациясымен марапатталды.
2023 жылдың Ең үздік оқырманын құттықтаймыз. Үздік оқырмандарымыз көп болсын!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Күләш АХМЕТОВАНЫҢ туған күні
Ақын өлеңдері — сезім мен тебіреніске толы. Оның жырлары кейінгі ұрпақты адалдық сияқты сезімдерге жетелеп, адамзатты сүюге бастайтын жол тәрізді. Оның әрбір өлеңі бір — бірімен үндесіп, ұштасып жатқан тұтас әлем.
«Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Ақ гүлім менің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Жапырақ – жаздың жүрегі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Мейірім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Бұлақтағы жұлдыздар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Жасыл жағалау. Өлеңдер. А., «Жалын» , 1984; Ләйлектер қайтып келгенде. Орыс тілінде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Арғымақтар даласы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987; Наурыз нұры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1991; Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996; Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997; Бақ. «Атамұра», 2006; Құт. «Дәуір», 2006; Махаббат. «Дәуір», 2006.