«Тарих ғасырлар куәсі»

Тарихшы, әдебиетші Мұхамед Хайдар Дулати — 525 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарих ғасырлар куәсі» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

                        

«Жаңғырған Жамбыл өңірі»

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ 

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында № 17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жаңғырған Жамбыл өңірі» атты ақпарат сағаты өтті 

Мақсаты: Жас ұрпаққа өз өлкесі туралы ақпарат бере отырып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елін, жерін қорғауға баулу.

 

                 

«Халық денсаулығы ұлт байлығы»

5 сәуір — Бүкіләлемдік денсаулық күні

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің медбикесі А.Ахметова, 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Халық денсаулығы ұлт байлығы» атты денсаулық сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

 

                      

«Денсаулық — өмір негізі»

5 сәуір — Бүкіләлемдік денсаулық күні

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында Ақтөбе дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Шинтаев Ерхан, №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Денсаулық — өмір негізі» атты ақыл — кеңес сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

 

                 

«Туған жердің түлегі»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен Шақпақата ауылының тумасы сатирик, жазушы Толымбек Әлімбекұлының 70 жасқа толуына орай «Туған жердің түлегі» атты библиографиялық шолу ұйымдастырды. 

Мақсаты: Оқырмандарға Толымбек Әлімбекұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

 

                              

«Денсаулық-өмір негізі»

5 сәуір — Бүкіләлемдік денсаулық күні

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің кітапханашысы Г.Жолдасова, 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Денсаулық-өмір негізі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

                             

«Өзгеше ойлы қаламгер»

Тарихшы, әдебиетші Мұхамед Хайдар Дулати — 520 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өзгеше ойлы қаламгер» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Шуақты өлке шұғыласы»

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 85 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Балалы ел-бақытты ел» атты мақсатты бағдарлама аясында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Шуақты өлке шұғыласы» атты әдеби саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа өз өлкесі туралы ақпарат бере отырып, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елін, жерін қорғауға баулу.

 

 

БҮГІН — АҚЫН АБДОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН — АҚЫН АБДОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІ
     Ол 1915 жылы 3 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институт) бітірген. 1938-1939 жылдары Қызылорда сауда техникумында оқытушы, Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы) баспасында редактор болған. 1936 жылдан жұртшылыққа ақын ретінде таныла бастаған. Өлеңдері, поэмалары республикалық, облыстық басылымдарда жарияланып тұрды. Оның шығармалары өршіл пафос пен нәзік те сыршыл лиризмге толы. «Таңдамалы өлеңдері», «Өшпес жалын», «Өлмес өмір дастаны» атты жинақтары жарық көрді. «Токио», «Шығыс қызы», «Асан қайғы» атты поэмалары бар. Ақын Лермонтовтың, Низамидің, Байронның жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.
Қасым Аманжолов ол туралы «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын жазды.

ХАЛЫҚ БАТЫРЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

 ХАЛЫҚ БАТЫРЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
         1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың жақын серіктесі, Иман Дулатұлының немересі. 📌Амангелді Үдербайұлы Иманов 3 сәуірде Торғай уезі Қайдауыл болысының (Терісбұтақ) ауылында 1873 жылы дүниеге келген.
       Амангелді Иманов ұйымдастырушылық және қолбасшылық дарынымен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте танылды. Бұқара халықтың бұл көтерілісі 19-43 жас аралығындағы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу туралы Николай ІІ 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Көтерілістің саяси маңызы болды, патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді және Ресейдегі Ақпан революциясына дейін жалғасты. Оған қатысқан сарбасдардың (жауынгерлердің) саны 50 мың адамды құрады.
      1917 ж. қазан – 1918 ж. қаңтарында Амангелді Иманов Торғай және Торғай облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысқан, Торғай уезінің әскери комиссары болған. 1919 жылы 20 сәуірде Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Алакөлге жерленді. 1940 жылы халық батыры Амангелді ауданының орталығына (бұрынғы Батпаққара ауылы) қайта жерленді.
    Амангелді Имановтың бейнелі мүсінін қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаев сомдады. Наурызбаев сомдаған Амангелді бейнесі терең психологиялық сипатқа ие.