«Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты патриоттық сағаты өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                

 

«Ақиқаттың алдаспаны болған редактор»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері Құрманбек Сағындықовтың туғанына — 115 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ақиқаттың алдаспаны болған редактор» атты портрет кеші өтті.
Мақсаты: Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Құрманбек Сағындықовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, тарихи тұлғаның ел мәдениеті мен руханиятына қосқан үлесін насихаттау, оқушылардың бойында отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру.

“Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы”

”БІР ЕЛ — БІР КІТАП” акциясы 2025 жыл

Тәкен Әлімқұлов- ақын, жазушы, әдебиет сыншысы

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық оуругі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен “Тәкен Әлімқұлов және қазақ прозасы” атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                 

«Менің Қазақстаным»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Қазақстаным» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Жүмекен Нәжімедіновтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                       

«Ертегі кейіпкерлерімен таныс болайық»

Жуалы ауданы Теріс ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Баққараева №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 2-сынып оқушыларына «Ертегі кейіпкерлерімен таныс болайық» тақырыбында «Бауырсақ» ертегісін оқып, тәрбиелік мәні зор тәрбие сағатын өтті.

Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

 

                    

 

 

“Тәуелсіз Отаным — бақыт ордасы”

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында№30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Тәуелсіз Отаным — бақыт ордасы” танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

 

                  

“Шаттыққа жыр арнаған”

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен “Шаттыққа жыр арнаған” атты әдеби алаң ұйымдастырды.

 

                     

«Жыр сұңқары — Жұмекен»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жыр сұңқары — Жұмекен» атты жыр сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.

 

“Тұғыры биік Тәуелсіздік”

16 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебінің оқушыларының қатысуымен “Тұғыры биік Тәуелсіздік” тарихи танымдық кеш өтті. Кітапханашы Ә.Абделиева «Елімді бақытқа бөлеген — Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.

 

                            

«Шеберлік шыңына»

Әдебиет зерттеушісі, сыншы-ғалым Мұхаметжан Қаратаевтың туғанына 115 жыл
 Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Шеберлік шыңына» атты ақпарат сағаты өтті.
 Мақсаты: Оқырмандарды Мұхаметжан Қаратаевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстыру, оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.