Асқар Тоқмағамбетов — сырбаз сыншыл, әдебиет майталманы»

Ақын, жазушы Асқар Тоқмағамбетов — 120 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Асқар Тоқмағамбетов — сырбаз сыншыл, әдебиет майталманы» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Асқар Тоқмағамбетовтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

«Орыс әдебиетінің алтын жазушысы»

Жазушы Александр Иванович Куприн — 155жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Орыс әдебиетінің алтын жазушысы» атты поэзия сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға А.Куприннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

 

                             

 

«Қаламы қарымды журналист, жазушы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Бауыржан Момышұлы ауылының тумасы жазушы, журналист Бекет Момынқұл 70 жасқа толуына орай Жуалы аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қаламы қарымды журналист, жазушы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                               

 

 

«Имандылық инабаттылық”

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша инспекторы Р.Абделиев және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Имандылық инабаттылық” атты ізгілік сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
                        

«Тәкен Әлімқұлов шебер жазушы»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Тәкен Әлімқұлов — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тәкен Әлімқұлов шебер жазушы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

«Қазақтың көрнекті қаламгері»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақтың көрнекті қаламгері» атты портрет кеші өтті. Кеш барысында №10 Күреңбел орта мектебі оқушылары М.Дулатұлына арнауларын оқып, «Айжұлдыз» би тобы «Жорғатай» биін, «Өзбек» биін биледі. 10 сынып оқушылары М.Дулатұылның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Н.Әмірқұл «Қазақстаным» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапхана әдіскері М.Сәдірмек «Міржақып Дулатов» ауызша журнал, «Алаштың алдаспаны болған Міржақып Дулатов» библиографиялық көрсеткіш, «Ұлтымыздың ұлы тұлғасы» әдістемелік құрал, «Ұлтты танытқан ұлы тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында Күреңбел ауылының тұрғыны Б.Рысалиева, Жуалы ауданының Құрметті азаматы Ж.Көпбаев, Күреңбел ауылдық округінің әкімі М.Жарылқасын сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Кітапхана директоры Қ.Асилбеков кешті қортындылап қатысқан оқырмандарды Алғыс хатпен марапаттады.

 

 

 

 

«Өз құқығыңды білгенің — дұрыс өмір сүргенің»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Өз құқығыңды білгенің — дұрыс өмір сүргенің» атты құқық сағаты өтті.

Мақсаты:Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

 

                               

 

 

Жазушы, журналист Бекет Әбділдәұлы 70 жаста

Момынқұл Бекет Әбділдәұлы 1955 жылы Бурное стансасында туған. ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Жамбыл ауданының «Шұғыла» газетінде редактордың орынбасары, одан кейін аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Байзақ аудандық «Село жаңалығы» газетінде редактор қызметтерін атқарды. Облыстық партия комитетінде жұмыс істеді. Облыстық «Знамя труда» газетінде редактордың орынбасары, редактор болып қызмет етті. Сондай-ақ облыстық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Жамбыл облыстық филиалының директоры, «Знамя труда» газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. Бүгінгі таңда облыстық «Знамя труда» газетінің бас редакторы. Ол еңбек жолында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Бекет Әбділдәұлының Бауыржан Момышұлы туралы «Подвиг продолжается» атты кітабы жарық көрген.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

«Мақал-мәтелдер — көненің көзі, дананың сөзі»

Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Мақал-мәтелдер — көненің көзі, дананың сөзі» атты зияткерлік ойыны өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды мақал-мәтелдер айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан етуге тәрбиелеу. Өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
                                 

«Білімді ұрпақ”

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы «Білімді ұрпақ” қызығушылық клуб мүшелері, Боралдай ауылдық округінің жастар ісінің нұсқаушысы Е.Пошановтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық — саяси құбылыс» тақырыбында буклеттер таратты.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.