«Қазақтың көрнекті ақыны»

 Ақын Несіпбек Айтұлы — 75 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың көрнекті ақыны» атты әңгіме өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Несіпбек Айтұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

 

                           

 

«Жүрек лүпілінен туған өлең»

Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова 80 жаста

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жүрек лүпілінен туған өлең» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

                     

«Шығыстың ғұлама ғалымы»

Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фараби — 1155 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп гимназиясының 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Шығыстың ғұлама ғалымы» атты тарих сағатын өтті. 

Мақсаты: Оқырмандарға әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбек жолы туралы түсінік бере отырып, ғұламаның жан-жақты білімі бар ерекше тұлға болғандығын түсіндіріп, даналығымен таныстыру.

 

                           

«Спорт — көркі өмірдің , Спорт — досың, серігің»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Спорт — көркі өмірдің , Спорт — досың, серігің» атты спорт сағатын өтті.

Мақсаты: Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.

 

                                     

Жазушы Дүкенбай Досжанның туған күні

Бүгін — жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дүкенбай Досжан (1942-2013 жж.) дүниеге келді.
Дүкенбай Досжан шығармалары даралық стилімен, бейнелі тілімен ерекшеленеді. Жазушы кейіпкердің жан толғанысын сезім шырғалаңы, ой ағыны арқылы суреттеуге машық. Оның «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі — Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан. Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990). «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996). Түркістан қаласының, Жаңақорған, Созақ, Отырар аудандарының құрметті азаматы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1996), М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987). «Құрмет» (2001), «Парасат» (2008) ордендерімен марапатталған. Қаламгер 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы үздік роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы үздік кітап» сыйлығын алған. Жазушының есімі АҚШ-тың «Әдебиет және өнер адамдары» энциклопедиясының 2-ші томына,«Ұлттық энциклопедияның» 3-ші томына,«Абай энциклопедиясына», Қазақстан Президенті жанындағы даму институтының «Элита Казахстана» (2008) анықтамалығына кірген.

«Халық жүрегіндегі жазушы»

Ақын Несіпбек Айтұлы — 75 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Халық жүрегіндегі жазушы» атты кітап оқу сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Несіпбек Айтұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

                             

“Кітап әлеміне саяхат”

 Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында Көкбастау ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төреағасы Ә7Аташбек, №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен “Кітап әлеміне саяхат” атты танымдық сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, жазушының туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                                  

 

 

«Дала дидары»

«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»

 Шақпақ ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Дала дидары» тақырыбында аудандық өнер фестивалі өтті. Іс шара барысында Шақпақата, Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық ауылдық кітапханалары Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл тооуына орай фотогаллерея, сатирик Толымбек Әлімбекұлы, жазушы Талғат Сүйінбайдың кітап көрмелерін ұйымдастырды.

 

«Тілім менің — тірлігімнің тірегі»

5 қыркүйек — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында № 17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушыларының қатысуымен «Тілім менің — тірлігімнің тірегі» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, оқушыларды адамгершілікке, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.

 

Б.Момышұлының туғанына 115 жыл

🎗️Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Орақ-Балға ауылында дүниеге келген. Әкесі Момыш пен шешесі Рәзия орта шаруа кісілер болған. Жанұяда тұңғышы-Үбіш, одан кейінгілері-Үбиан, Сәлима, Әлиман, кенжесі-Бауыржан болды.
🎗️Бауыржан Момышұлы 1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық интернатты бітірген соң, бастауыш мектепте мұғалім, Жуалы аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, аудандық милиция бастығы, прокурор болып істеді.
🎗️1932 жылы Қызыл Армия қатарына алынды. Әскери борышын өтеп қайтқан соң Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіріп, Қызыл Армия қатарына қайта шақырылып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, ал 1941 жылы Қызыл әскер комиссариятында нұсқаушы болып қызмет атқарды.
🎗️Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысында батылдығы мен қолбасшылық сауаттылығының нәтижесінде дараланып, жарық жұлдыздай жарқырап шықты. Мәскеу түбіндегі сұрапыл соғыста батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы 31 атқыштар (кейіннен 8 гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысты. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдары (1944-1945) осы дивизианы басқарды.
🎗️Бауыржан Момышұлы өзі басқарған әскери бөлімдермен 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет қоршауда қалып, бұзып шықты. Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды. 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірді. Бес жыл әскери академияда сабақ беріп, 1956 жылы өз өтініші бойынша отставкаға шықты.
🎗️Бауыржан Момышұлының «Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954, орыс тілінде), «Біздің семья» (1956,орыс тілінде) атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрген. Еңбектерін орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. «Москва үшін шайқас» (1959)-Отан үшін ұлы шайқастың үлкен бір шежіресі іспетті күрделі шығарма. Мұнан өзге «Жауынгердің тұлғасы» (1958), «Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962, орыс тілінде), «Генерал Панфилов» (1963, қазақ тілінде), «Төлеген Тоқтаров» (1965), «Куба әсерлері» (1965), «Ел басына күн туса» (1970), «Ұшқан ұя» (1975), «Адам қайраты» (1981),т.б кітаптары бар.
🎗️Бауыржан Момышұлы 1982 жылы қайтыс болды. Оған өмірден өткен соң 1990 жылы желтоқсанның 11 жұлдызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сондай-ақ ол «Қызыл Ту», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы», «1-дәрежелі Отан соғысы», 2-рет «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдарымен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1995 жылы ауданда Б.Момышұлы музейі ашылды. Талапты ауылындағы орта мектеп Баукеңнің есімімен аталады.
🎗️Оның қаһармандық ерлігі туралы орыс жазушысы Александр Бек «Волоколамское шоссе» кітабында жан-жақты жазды. Сондай-ақ Б.Момышұлының өміріне арналған Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз», Мамытбек Қалдыбаевтың «Ұмытылмас кездесулер», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер», Бақытжан Момышұлының «Во имя Отца», Жамила Егенбердиеваның «Өмірдің өзі дастан», Ким Серикбаевтың «Бауыржан Момышулы в моей жизни» атты кітаптары және т.б көптеген авторлардың кітаптары бар. Ал Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай Батырдың 30 томдық кітабы жарық көрді.