«Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған»

Композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған» атты өнер сағаты өтті.

Оқырмандарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                            

“Ұлт мақтанышы Бауыржан”

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Ұлт мақтанышы Бауыржан” атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                             

“Тау тұлға, дара тұлға Бауыржан”

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Тау тұлға, дара тұлға Бауыржан” атты танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                                   

«Ән патшасы — Шәмші»

Композитор, сазгер, Шәмші Қалдаяқов — 95 жыл

Жуалы ауданыудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Ән патшасы — Шәмші» тақырыбында онлайн библиографиялық көрсеткішті ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасау, шығармашылық жолымен танысу.

 

 

 

«Нар тұлға»

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы — 95 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Нар тұлға» атты таным сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                                          

“Абайдың ұлы мұрасы”

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары А.Әділет, Ә.Қуанышбекқызының қатысуымен “Абайдың ұлы мұрасы” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.

 

 

 

«Спорт — денсаулық кепілі»

21 ТАМЫЗ — СПОРТ КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Дауа» әуесқой клуб мүшелерінің қатысуымен «Спорт — денсаулық кепілі» тақырыбында эстафеталық ойындар жарысы өтті.

Мақсаты: Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.

 

 

«Спорт — денсаулық кепілі»

21 ТАМЫЗ — СПОРТ КҮНІ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Спорт — денсаулық кепілі» атты спорт сағаты өтті.

Мақсаты: Жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу.

 

                              

“Сәбиге өмір сыйлаған құдрет”

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы ”Мен ертегіні жақсы көремін“ жобасы аясында “Еркетай” қызығушылық клуб мүшесі А.Бостанның қатысуымен “Сәбиге өмір сыйлаған құдрет” атты библиофреш ұйымдастырды.

Мақсаты: Балаларға ертегі айту арқылы сөздік қорларын дамытып, тiл байлықтарын молайту, сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту, достық жанашырлыққа тәрбиелеу.

 

 

«Балалық шаққа саяхат»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Бәйтерек бөбекжай» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету.