Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі “Абай — дана, Абай — дара қазақта” атты Абай оқуларын ұйымдастырды. Іс-шараны кітапхананың тұрақты оқырманы Ғали Мирас «Көзімнің қарасы» әнімен бастап, Қарабай Ақерке «Әсемпаз болма әр неге», Халық Іңкәр «Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы», Кенжетай Ләйлә «Қыс», Аймахан Ақзер «Күз», Мадыхан Омар «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Нышанбай Іңкәр «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып, Ғали Мирас Абай Құнанбаевқа арнауын нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы А.Біттібай «Абай әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі, «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты кітап инсталляциясына шолу жасады. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары А.Жұманова қортындылап, қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді. Кешті Омархан Аяна «Қазағым-ай» әнімен аяқтады.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.
