«Нөсерлеп төккен жыр-ғұмыр»

Ақын Жұбан Молдағалиев — 105 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы №44 Бақалы бастауыш мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Нөсерлеп төккен жыр-ғұмыр» тақырыбында әңгіме өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Жұбан Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                              

 

КІТАПХАНАШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН

КІТАПХАНАШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН КҮН
🌷Жуалы ауданында кітапхана саласының қызметкерлері кәсіби мерекелері және 25 қазан — Республика күні қарсаңында түрлі марапаттарға ие болды.
📎Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Жанерке Сейдалиева Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» медалімен марапатталды.
📎Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Шарифат Каниева Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Мөлдір Бахтиярова Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Егеубаева, аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Арайлым Біттібай, және Рысбек батыр ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ғалия Тәжібаева Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
📎Қошқарата ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ұлжан Көкеева Жуалы аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Әсел Тасжүрекова, Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы Жансая Олжабай және Көктөбе ауылдық кітапханасының әдіскері Динара Дадашова «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.
📎Құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің кітапханашысы Зоя Лепесханова, Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрсұлу Пакеева аудандық мәдениет бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
📎Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айжан Жанабаева орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының «Үздік кітапханашы – 2025» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.
📎Ал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қарауылы Айдар Көбей Жуалы ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
_________________________________________________________________________________________________________
✍🏼Құрметті әріптестер!
Сіздердің кітапхана саласындағы табанды еңбектеріңіз бен мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестеріңіз лайықты бағаланып отыр.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жаңа жетістіктер тілейміз!
✍🏼Оқырманға білім мен рухани байлық сыйлау жолындағы еңбектеріңіз жемісті бола берсін!

25 қазан — Республика күні!

25 қазан — Республика күні!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – халқымыздың еркіндікке ұмтылған рухының, бірлік пен татулықтың, елдігіміздің мерейін асқақтататын ұлы мереке.
1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация — Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және өркендеуші мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашқан тарихи шешім болды.
Бүгінде егемен еліміз әлемге танылған, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған мемлекет.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!
Мереке құтты болсын!
 Республика күнімен!

Кітапханашы — руханият сақшысы

24 қазан — Кітапханашылар күні

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұылы ауылдық балалар кітапханасы “Кітапханашы — руханият сақшысы “ атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға кітапханалардың қоғамдағы рөлі мен кітапханашылардың еңбегін кеңінен түсіндіру.

 

                           

Қазақ елі — менің Отаным

25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
 Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбеқ батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақ елі — менің Отаным» атты өнер сағаты өтті.
 Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.
                                   

«Еңселі елім — өз елім!»

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Талапты ауылдық клубы мамандары мен кітапханашылардың бірлесуімен «Еңселі елім — өз елім!» атты мерекелік концерт пен “Республика ерікті ел — Қазақстан” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

24 қазан – Кітапханашылар күні

 Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мереке — 24 қазан – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер — кітап пен білімнің аман-сақшысы, рухани мұраның сақтаушысысыздар. Оқырманға жол ашып, ізденісті арттырып, мәдениетіміз бен ғылымымыздың дамуына үлес қосып келесіздер. Осындай салмақты әрі жауапты қызметте адал еңбек етіп жүргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерге зор денсаулық, табысты еңбек, шығармашылық шабыт тілейміз. Оқырмандарыңызға әрдайым қуаныш сыйлап, кітапханаңыз әрдайым оқушы мен ізденушілерге ашық, қызықты орын болып қала берсін.

«Мәңгілік жаса — Қазақстаным»

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Қошқарата ауылдық мәдениет үйінің мамандары мен кітапханашылардың бірлесуімен «Мәңгілік жаса — Қазақстаным» атты мерекелік бағдарлама мен «Менің Отаным» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

«Жырларында найзағай жарқылы бар»

Қазақтың халық ақыны, композитор Иса Байзақов — 125 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Жырларында найзағай жарқылы бар» атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Халық ақыны, әнші, композитор Иса Байзақовтың шығармашылығын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу және жастарға рухани-мәдени тәрбие беру.

 

                                  

 

 

«Қазақстан — менің Отаным

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Қызыларық ауылдық клубының мамандары мен Сұрым ауылдық кітапханасының кітапханашыларының бірлесуімен «Қазақстан — менің Отаным » атты мерекелік концерттік бағдарлама мен «Айбынды, абыройлы, асқақ елім» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.