“Өнегелі өмір иесі “

⚜️Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов 90 жаста

⚜️Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандардың қатысуымен “Өнегелі өмір иесі “ атты ақпарат сағатын өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы терең мағлұмат беру, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесін таныту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, елін-жерін сүюге баулу, рухани дүниесін байытып, шығармашылыққа қызығушылығын арттыру және ұлы тұлғалардың өнегелі өмірін үлгі ету арқылы оқушыларды адамгершілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу. #Жуалы ОКЖ

 

«Адамзаттың асылы — Ана деген»

⚜️АНАЛАР КҮНІ

⚜️Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекемен толықты. Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.

⚜️Жуалы аудандық орталық кітапханасында №5 «Балдырған» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері Ж.Кашкеева, Ф.Тұяқова, Г.Кемелованың қатысуымен «Адамзаттың асылы — Ана деген» атты мерекелік кеш өтті. Кітапханашы Н.Сиркебаева «Батыр аналар — ел мақтанышы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

⚜️Мақсаты: Жас ұрпақтың аналарға деген сүйіспеншілігін ояту, ана еңбегін ардақтап, мейрімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, ой-өрісін тіл байлығын дамыту, оқырмандарға ата-ана алдындағы парызы туралы түсініктеме беру. #ЖуалыОКЖ

 

                       

«Тарих толқынындағы қазақ тағдыры»

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026 2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтың терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарих толқынындағы қазақ тағдыры» атты ақпарат сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.

 

                     

«Ақын, қайраткер, тұлға»

⚜️Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов — 90 жас

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ақын, қайраткер, тұлға» атты ақпарат сағат өтті.

⚜️Оқушыларға Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынның әдебиет пен қоғамдағы орнын насихаттау, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

             

«Табиғат, қандай сұлусың!»

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы «Табиғат, қандай сұлусың!» атты тәрбие сағатын өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

 

                   

«Ақын, қайраткер, тұлға»

⚜️Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов — 90 жас

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ақын, қайраткер, тұлға» атты ақпарат сағат өтті.

⚜️Оқушыларға Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынның әдебиет пен қоғамдағы орнын насихаттау, жас ұрпақты елін, жерін сүюге, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

«Сахна саңлағы»

⚜️ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айманова Майра Шәкенқызы туғанына — 90 жыл

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сахна саңлағы» атты таным сағаты өтті.

⚜️ Мақсаты: Оқушыларға Майра Айманованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ өнері мен мәдениетіне қосқан үлесін түсіндіру, әншілік және актерлік өнері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.

 

                     

«Қазақ көтерілістері — азаттық мұраты»

🔰Ұлт-азаттық көтерілісіне — 110 жыл

🔰Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында «Қазақ көтерілістері — азаттық мұраты» атты танымдық кеш өтті.

🔰Мақсаты: Ұлт-азаттық көтеріліс батырларын еске ала отырып, ел басына күн туған кезеңдегі халық ұлдарының ерлігін, табандылығын насихаттау, жас ұрпақты отан сүйгіштікке баулу.

 

                

«Ұлы Жеңіске тағзым»

🇰🇿9 МАМЫР — ЖЕҢІС КҮНІ

🎗️Жуалыауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ақсуат» шекара бекеті сарбаздарының қатысуымен «Ұлы Жеңіске тағзым» атты патриоттық сағат өтті.

🎗️Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

               

Ұрпаққа ұран болған — Ұлы Жеңіс

🇰🇿9 МАМЫР — ЖЕҢІС КҮНІ

🎗️Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 8 «В» сынып оқушыларының қатысуымен «Ұрпаққа ұран болған — Ұлы Жеңіс» тақырыбында еске алу кешін өтті.

🎗️Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.