«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасы»Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кешін өтті.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.

 

 

                                

 

«Ұстаз — ұлы тұлға»

ҰСТАЗДАР КҮНІ
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында мәдениет үйінің маманы С.Иманбаева, кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Мерей» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Ұстаз — ұлы тұлға» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұстаздардың еңбегін бағалап, оларға алғыс білдіру, білім алушылардың ұстаздық мамандыққа деген құрметін қалыптастыру.

«Қазақ әдебиетінің сұңқары»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын драматург, әдебиет зерттеушісі және сыншы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің сұңқары» атты әдеби саяхат кеші өтті. Кеш барысында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің оқушылары Д.Сатыпалды жазушының өмірі мен шығармашылығы, Ж.Бақытбек «Қазақ вальсі» өлеңі, А.Серікпай «Көңілім» өлеңі, Т.Сауытбек «Бостандық» өлеңі, Қ.Сауытбек «Сұлушаш» өлеңі, А.Тұрсын С.Мұқановқа арнау арнап, С.Сауытбек «Ерке сылқым» күйі, А.Серікпай «Перзент сыры» әні, «Қызғалдақ» би тобы «Тауыс» биін нақышына келтіріп орындады.

Кітапханашы К.Айтбаева «Сұлу сөздің сардары — Сәбит Мұқанов» кітап көрмесі, «Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» әдістемелік құрал, «Ұлт мақтанышы — Сәбит Мұқанов» ауызша журнал, «Ұлттық рухты ұлықтаушы — Сәбит Мұқанов» библиографиялық көрсеткіш, «Сәбит Мұқанов» ақпараттық-жарнамалық флайер, «Мұқанов — 125 жыл», «Кітап — ғасыр мұрасы» атты кітап инсталляциясымен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кеш соңында кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева іс шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

 

                                  

«Жапыраққа жазылған жыр»

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жапыраққа жазылған жыр» атты жыр кеші өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.

«Қарты бар ел — қазыналы ел»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында ауыл қарттары Н.Сманованың қатысуымен «Қартты бар ел — қазыналы ел» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.

 

                              

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы ауыл қарияларына құрмет көрсетіп «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.

 

 

 

«Қазақтың батыр ұлы Бауыржан»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақтың батыр ұлы Бауыржан» тақырыбында кітап көрмесіне шолу өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

 

                               

 

 

“Жарқырап өткен жыр-ғұмыр”

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Жарқырап өткен жыр-ғұмыр” атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
               

“Ерте аққан жұлдыз”

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы “Ерте аққан жұлдыз” атты библиографиялық шолу өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                           

«Қыздарға әсемдік жарасады”

Жуалы а Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қыздарға әсемдік жарасады” атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділікке тәрбиелеу.