«Табиғат тіршілік айнасы»

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы «Табиғат тіршілік айнасы» атты экология сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке,табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

 

                                   

«Бейбітшілік — ел бірлігі»

1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Бейбітшілік — ел бірлігі» атты өзге этнос-ұлт өкілдерімен кездесу өтті

Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

 

                      

 

“Кітап — рухани қазына»

2 сәуір — Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Кітап — рухани қазына» атты кітапханаға саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                                  

«Кітап — ең сенімді ақылшың»

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылыдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Қ.Айтбаеваның қатысуымен «Кітап — ең сенімді ақылшың» атты кітапханаға саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

 

«Кітап — біздің ақылшы досымыз»

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Көкбастау ауылыдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы «Шұғыла» балбөбек бақшасының ортаңғы тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кітап — біздің ақылшы досымыз» атты кітапханаға саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                        

«Кітап — рухани құндылық»

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысумен «Кітап — рухани құндылық» атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                      

“Балалар кітабы — тәрбиенің қуатты құралы”

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен “Балалар кітабы — тәрбиенің қуатты құралы” тақырыбында буккроссинг өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                                  

«Кітап асыл қазына»

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жуалы ауданы Қошқарата ауылыдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап асыл қазына» атты кітапханаға саяхат өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың ғажайып ертегі әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру, оларды білімділікке, мейірімділікке, ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеу, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстыру.

 

                      

Нұрғиса Атабайұлының туғанына – 100 жыл.

Бүгін – әйгілі күйші композитор, дирижер, домбырашы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық Қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Биыл Нұрғиса Атабайұлының туғанына – 100 жыл.
Қазақтың музыка мәдениетінде композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер 500-ден астам музыкалық төл туындының авторы.
Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман»,«Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері, «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым»,«Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған.
Нұрғиса Тілендиев музыкасын жазған М.Әуезов, Ш.Айманов, Т.Ахтанов, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналды.

БҮГІН — АҚЫН НАРША ҚАШАҒАНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН — АҚЫН НАРША ҚАШАҒАНҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Талас ауданының Құрметті азаматы.
Нарша Қашағанұлы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында дүниеге келген.
Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Талас аудандық газеттерінде аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Шапағат» ұлттық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Талас аудандық әкімдігі Тіл басқармасының бастығы, ұлт саясаты жөніндегі комитет төрағасы, аудандық мәдениет басқармасының бастығы болды.
Бірнеше аймақтық және республикалық жыр бәйгелерінің жүлдегері.
1998 жылы алғашқы «Өлеңге менің дағы бар таласым» атты жыр кітабы республикалық «Санат» баспасынан жарыққа шықты. Бұл жинаққа ақынның қазір әнші Асқар Жүнісбековтің орындауында елге кеңінен танымал болған «Хат жазып тұр» әнінің мәтіні енген.
Сазгер Әуезхан Салабеков ақынның «Хат жазып тұр», Анда-санда», «Мен енді өмірге ғашықпын», «Бақыттымыз бәріміз», «Анама» өлеңдеріне әндер жазады.
1999 жылы аталмыш баспадан «Аманатқа адалдық» (Ә.Көпбергенмен бірге) атты сыр-сұхбат кітабы жарық көрген. Одан кейінгі жылдарда әртүрлі баспалардан «Жақсылық жаса адамға», «Туған ел тұлғалары» атты кітаптары басылып шықты. Көптеген эсселері, әдеби портреттер мен мақалалары республикалық басылымдарда жарияланған.
Ақиық ақын Нарша Қашағановтың шығармашылығындағы тарихи тұлғаларға арналған жырлар – айшықты әрі ойлы шыққан. Әсіресе, Бөлтірік шешен, Есей би және Саурық батыр жайындағы жырлары, батыр Бауыржанға арнаған өлеңдері айрықша. Нарша ақын сонымен қатар Д.Қонаевпен жүздесіп, сөзін тыңдап, оған біраз жырларын арнаған.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Жазушы» баспасынан «Елде тұрам» атты жыр жинағы жарық көрген..
Шығармалары:
— Елде тұрам. Өлеңдер (2009 жыл);
— Жақсылық жаса адамға. Жыр кітабы (2008 жыл);
— Өлеңге менің дағы бар таласым (1998 жыл).