@til.taraz #АбайҚұнанбайұлы180жыл#
@til.taraz #АбайҚұнанбайұлы180жыл#
6 тамыз — Ядролық қаруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы «Ядролық қарусыз болашаққа!» атты бейнетүсірілімді оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіндіру, жастарды Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «»Ән патшасы — Шәмші» атты ақпарат сағаты өтті.
Оқырмандарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 85 жаста
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында «Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

3 тамыз Көлік және байланыс қызметкерлері күні
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Ерен еңбек еленген күн» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Көлік пен байланыстың мемлекет дамуы үшін маңызды сала екенін ұғындыру, жас ұрпаққа еңбексүйгіштік пен жауапкершілік секілді қасиеттерді дәріптеу.

Композитор Нұрғиса Тілендиев 100 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық ауылдық кітапханасы «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты бейне клипті оқырмандар назарына ұсынады.
Мақсаты: Оқырмандарға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл
Тәкен Әлімқұлов — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Көркем туындылардың шебері» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Жуалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Әуесбек Еркебұлан Нұрлыханұлы, Жуалы аудандық ПҚБ есебінде тұрған азаматтар мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Абай мұрасы — халық қазынасы» атты Абай оқулары өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.
