«Наурыз жыл басы»

22 НАУРЫЗ — НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Наурыз жыл басы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.
                             

«Наурыз құт — береке бастауы»

22 НАУРЫЗ — НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Білімді ұрпақ» қызығушылық клуб мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Наурыз құт — береке бастауы» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс», «Бесікке салу» рәсімі көрсетілді.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.

«Наурызым — мерекем, Наурызым — берекем»

22 НАУРЫЗ — НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Наурызым — мерекем, Наурызым — берекем» атты мерекелік кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.
                                    

«Ұлттық киім – ұлттың сәні»

18 НАУРЫЗ — ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

«Ұлттық киім – ұлттың сәні» – халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрлерінің көрінісі. Әр өрнегі мен оюы тарихтың, ұрпақтар сабақтастығының жаршысы. Ұлттық киімді кию – ата-баба мұрасын құрметтеу, ұлттық болмысымызды сақтаудың бір белгісі.

Жуалы аудандық орталық кітапханасының ұжымы ұлтымыздың сәнін бірге дәріптеуге шақырады!

 

                               

«Мен ізденістің ақынымын»

Ақын, қоғам қайраткері Темірхан Медетбек — 80 жас

Жуалы аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімі «Мен ізденістің ақынымын» атты библиофейс өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға қоғам қайраткері Темірхан Медетбектің өмірі мен қызметін таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

 

«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні!»

22 НАУРЫЗ — ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ НАУРЫЗ!

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.

 

                       

«Қазақ прозасының қара нары»

Жазушы Қалихан Ысқақ — 90 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ прозасының қара нары» атты портрет кеші өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Қалихан Ысқақтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                              

 

«Тұманбай жыры — тұнған сыр»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен «Тұманбай жыры — тұнған сыр» атты поэзия сағатын өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                                

«Салауатты өмір салтын сақтау, жақсы өмірді жақтау»

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Салауатты өмір салтын сақтау, жақсы өмірді жақтау» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

 

                            

 

 

«Қазақтың тұңғыш ғалымы»

Ағартушы, этнограф Шоқан Уәлиханов — 190 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілғін арттыру.