«Автормен бірге кітап оқу»

2025 жыл Жамбыл облысы «Кітап оқитын өңір» атты жобасы аясында Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында «Автормен бірге кітап оқу» кешіне кітапхананың тұрақты оқырмандары және жергілікті жерден шыққан балалар жазушысы Марат Құлибайұлымен «Қаламгердің жүрек сырлары» атты кеш өтті.

Мақсаты: Жазушының еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулу, шығармаларымен таныстырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, оқырмандарды адалдыққа, кітап оқуға баулу.

 

                 

«Жүрегі жырдан жаралған»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

 

 

«Қазақ прозасының қара нары»

Жазушы Қалихан Ысқақ — 90 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің кітапханашысы Г.Жолдасова және оқушыларының қатысуымен «Қазақ прозасының қара нары» тақырыбында шығармаларына шолу өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Қалихан Ысқақтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                     

 

«Шыңға шыққан нар тұлға»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Шыңға шыққан нар тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.

 

                                

«Тұма жырдың бастауындай»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Тұма жырдың бастауындай» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                              

 

 

15 наурыз — Халықаралық тұтынушы күні

15 наурыз — Халықаралық тұтынушы күні
Ол алғаш рет 1983 жылы 15 наурызда аталып өтті. Бұл мейрам – АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің 1961 жылы 15 наурызда Конгресте тұтынушылардың құқығы жайында сөйлеген сөзімен байланысты. Онда Кеннеди тұтынушылар қатарына барлық адам жатынын айтып, тұтынушылардың ақпарат алу, қауіпсіздік, таңдау және хабардар болу құқығына ие екенін жария етті. Кейін мереке кәсіби ортада және қарапайым халық тарапынан қолдау тауып, жыл сайын белгілі бір тақырыпта салтанатты жиындар ұйымдастырыла бастады. Тақырыпты бүкіләлемдік тұтынушылар одағының ұйымы бекітеді.
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Бүгін тұтынушылар күні» атты ақпарат сағаты өтті.
                             

«Біртуар ақын — Тұманбай»

Ақын Тұманбай Молдағалиев — 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Еркетай» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Біртуар ақын — Тұманбай» атты поэтикалық марафон өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Тұманбай Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                         

ДАРИҒА ТІНАЛИНА БАЙЖҰМАНҚЫЗЫНЫҢ туған күні.

Бүгін — қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинорежиссер, КСРО кинематографиясының үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі ДАРИҒА ТІНАЛИНА БАЙЖҰМАНҚЫЗЫНЫҢ туған күні. Ол Ақмола облысы Вишневка ауданында (1921-2011 жж.) дүниеге келген.
Еңбек жолын актерліктен бастаған ол «Ақ роза», «Абай әндері», «Жамбыл», «Романтиктер», «Үкімет мүшесі», «Алып туралы ән» көркем фильмдеріндегі эпизодтарда ойнады. 1953 жылдан бастап режиссер ретінде жұмыс істеп, «Қазақстан кеңістігінде» атты ғылыми-танымдық фильмді түсірді. 1954-1958 жылдары «Мосфильм» студиясының режиссері болып, «Салтанат», «Илья Муромец», «Ерекше тапсырма», «Алыстағы тауда» атты көркем фильмдердің түсірілуіне қатысты. 1964 жылдан «Қазақфильм» студиясының режиссёрі ретінде «Қорытпа», «Әзіл шыны аралас», «Ғасырлар пернесі», т.б. көркем және хроникалық-деректі фильмдердің қойылуына ұйытқы болды. 2009 жылы «Экран Шебері» атағына ие болды. «Черно-белое кино» атты монографиялық кітаптың авторы.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Наурызнама онкүндігі аясында бүгін — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген.
Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың бай мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтары мен дәстүрлері насихатталады. Театрландырылған қойылымдар, фольклорлық фестивальдер, ұлттық киімдер мен аспаптарды дәріптейтін көрмелер ұйымдастырылады.

«Шаңырақ күні»

16 наурыз — Шаңырақ күні

Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасында «Шаңырақ күні» – жалпыұлттық отбасылық құндылықтарды ұлықтауға, үлгілі отбасыларды өскелең ұрпаққа дәріптеуге негізделген.

Жуалы аудандық орталық кітапханасында үлгілі отбасы бір шаңырақта тату-тәтті ғұмыр кешкендеріне 50 жыл болған Кәрібай Құрмашевтың отбасымен «Шаңырақ жарастығы» тақырыбында кездесу кеші өтті.